Өркениет

Қуат Хамитов: Кімде кім Борат ұстап алып видео түсірсе, оған 1 млн доллар сыйақы беремін

  • Қуат Хамитов: Кімде кім Борат ұстап алып видео түсірсе, оған 1 млн доллар сыйақы беремін

    Қуат Хамитов: Кімде кім Борат ұстап алып видео түсірсе, оған 1 млн доллар сыйақы беремін

Қуат Хамитов Боратты ұстаған адамға 1 млн доллар сыйақы беретінін айтты. Спортшы өзі мен достарының атынан көлемді сыйақы беруге дайын. Себебі оған өз елінің намысы қымбат.

Бұл туралы спортшы Ревю бағдарламасына берген сұхбатында айтты. 

 
Қуат Хамитов осы аптада спортшы қыз Сабина Алтынбековамен үйленгісі келетінін айтты. Бұл жайлы нақты жауап бермегенімен Алтынбекова ақпаратты теріске шығарды. 

Бұл жолы спортшы Борат авторына қатысты ойын айтты.

"Боратқа қатысты ешнәрсе айтпаған едім. Енді айтайын. Егер кімде кім Боратты ұстап, оны төмендеткен күйде видеоға түсірсе, оған өз атымнан және достарымның атынан 1 млн доллар сыйақы беремін. Бұл өтірік әңгіме емес", - деді спортшы. 


Сабина Алтынбекова өзін жар еткісі келген Қуат Найманның бетін қайтарып тастады

Ең сұлу спортшы Сабина Алтынбекова өзіне қандай жігіттер ұнайтынын айтты

Хамитов бұның өтірік емес шынайы екенін жеткізді. Алайда желідегі қолданушылар бұның жай ғана хайп екенін айтып жатыр. Қуат Найман үнемі осылай шоу жасап, хайп қуады деп сенбеді.

Спортшы жеке өмірі мен Сабина Алтынбековамен қатынасы жайлы айтып өтті.

"Сабинамен қыз-жігіт болып кездескен емеспіз. Бірақ оған деген көңілім бар. Оны соңғы 3-4 жыл бойы аңдып жүрмін. Иманды қыз. Жаман әдеттерден бойын аулақ ұстайды. Темекі шекпейді. Арақ ішпейді. Кальян шекпейді. Мен де сондаймын. Бойы менен 5 см ұзын. Бірақ оған еш намыстанбаймын. Маған Сабина спортшы болғаны үшін емес, қыз ретінде ұнайды. Биыл үйлене алмайтын шығармын. Келесі жылы шаңырақ көтеруді жоспарлап отырмын", - деді Хамитов. 




Көрілген: 577    Пікірлер: 0

жұма, 30.10.2020, 19:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31