Өркениет

Ләйла Сұлтанқызы "пәктігін сатамын" деп елді шулатқан арудың қазіргі жағдайын айтты

  • © reactor

    © reactor

Ләйла Сұлтанқызы "Өз ойым" бағдарламасында пәктігін сататын айтып, елді дүрліктірген арудың бүгінгі жағдайын баяндады. Тележүргізушінің сөзінше, бойжеткенмен күні бүгінге дейін байланыста екен. Бұл туралы танымал тұлға Instagram желісінде жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.



"Сот шешімі шыққанша, бұл менің осы іске қатысты соңғы жазбам болсын. Эмоциядан бөлек, нүктені сот шешімі қояр.

Ал хабарға қатысқан қыздың жағдайын уайымдаған қауымға! Ол өзінің ағаттықпен, жастықтың желімен қателік жасағанын мойындағанын білесіздер. Өзімен де, жақындарымен де осы күнге дейін байланыстамыз. Сабағын жалғастыруда. Жаңа оқу орнында білімін шыңдауға атсалысқан жанашыр барлық азаматтарға алғыс білдіреміз", - деп жазды Ләйла Сұлтанқызы.

Сондай-ақ күні кеше сотқа журналист Бибігүл Дәулетбекқымен әзілкеш Нұрболхан Шараповтың үстінен шағымданған тележүргізуші бүгін қорғаушылардың ресми мәлімдемесін де келтірген.


"Конституцияның 17-бабына сәйкес адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Олардың ішінде жала жабу және адамды қорлау. Егер бұл адамның "пікірі" болса, онда ол басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын шеңберден шықпауы тиіс". Қорғаушы Аллаберген Әлке. Ақылбек Мақсұтов", - дейді Ләйла Сұлтанқызы.






Көрілген: 1718    Пікірлер: 0

сенбі, 31.08.2019, 10:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30