Өркениет

Мәдени мұрамыз неге осал? Қазақстан 76-орында

  • Мәдени мұрамыз неге осал? Қазақстан 76-орында

    Мәдени мұрамыз неге осал? Қазақстан 76-орында

Мәдени мұра бойынша рейтингте Қазақстан 78 елдің ішінде 76-шы орынға тұрақтаған. Ел индексі ықтимал 100 ұпайдың 0,3-іне бағаланды.
Еnergyprom сарапшылары жариялаған рейтингте Ресей 15-орын, Беларусь 71-орын, Өзбекстан 75-орында тұр.

Үздік бестікте Испания, Италия, Грекия, Франция және Мексика бар. Оман рейтингте ең соңғы орынды алды.

Индекс бес критерий бойынша есептелген: мәдени қол жетімділік, тарих байлығы, тағам сапасы, мәдени және географиялық көрікті жерлер.

Тарих байлығы өлшемі бойынша Қазақстан 100 балдан 8,9 балға, географиялық көрікті жерлер бойынша — 5,3 балға, мәдени қолжетімділік бойынша — 5,5 балға, тамақтану сапасы бойынша — 2,5 балға, мәдени көрікті жерлер бойынша — 0 балға бағаланды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жалпы ауданы 2,4 млн шаршы метр болатын 3,1 мың мәдени-демалыс ұйымдары болды. Бұл ұйымдардың 2,9 мың үй-жайы бар, олардың ішінде 317-сін жөндеу қажет, 113-і авариялық жағдайда тұр, 86-сы жылытылмады.

Мәдени-бұқаралық 87,1 мың іс-шара өткізілді, бұл – бір жыл бұрынғыға қарағанда 3,5 есе аз. Былтыр барлық іс-шараның жартысынан астамы Алматыда (21 мың), 12,7 мыңы Ақмолада және 12,5 мың Шығыс Қазақстан облысында өтті.

Қазір Қазақстанда 253 музей жұмыс істеп тұр, онда негізгі қордың 2,6 миллион экспонаты бар. 1 млн экспонат электрондық форматта болды, бұл – бір жыл бұрынғыға қарағанда 7,2%-ға артық.

Былтыр музейге бар-жоғы 2,4 млн адам келді, бұл – өткен жылмен салыстырғанда 65,6%-ға аз. Еnergyprom сарапшыларының піәкірінше, музейге келушілердің күрт азаюына пандемияның кесірі тиді.

Дегенмен түрлі шектеуге қарамастан, ел музейлерінде 62,8 мың экскурсия (-65,4%), 7 мың дәріс (-50,2%), 4,1 мың көрме (-57,3%) өткізілді.

Көбіне Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы және Нұр-Сұлтандағы музейге адамдар көп барған.

aikyn.kz




Көрілген: 650    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.05.2021, 13:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31