Өркениет

«Махаббаттың аты махаббат»: Төрт баласы бар Ринат Гайсин Динаяға деген сезімі туралы айтты

  • «Махаббаттың аты махаббат»: Төрт баласы бар Ринат Гайсин Динаяға деген сезімі туралы айтты

    «Махаббаттың аты махаббат»: Төрт баласы бар Ринат Гайсин Динаяға деген сезімі туралы айтты

Ринат Гайсин мен Динаяны желідегі қырағы жұрт, әлдеқашан жұптастырып үлгерген.


Бұл туралы «НТК» арнасының «Ревю» бағдарламасы хабарлайды.


Бірі продюсер, екіншісі оның жобасы. Елді мазалаған сауал – қос өнерпаздың арасында махаббаттың бары рас па? Көпшіліктің көкейіндегі сұраққа композитордың берер жауабы бар.


Ринат пен Диная шығармашылық жолда тығыз байланыс орнатқан. Гайсин музыкалық продюсер, әнші бикеш оның шоу-бизнестегі жобасы ретінде жұмыс жасауда.


Ринат Гайсин, композитор:


-Дина екеуміздің шығармашылық жолымыз бар. Ол бір бөлек жол. Өйткені мен Динаны 4-5 жылдан бері білемін, танимын. Динаның бірнеше өлеңдері өзімнің жазған әндерім.


Бірақ әріптестердің бірге түскен суреттерінен, көпшілік олардың арасындағы сезім ұшқынын байқаса керек. Қазнетті продюсер мен әншінің өнерінен гөрі, жеке өмірлеріндегі өзгерістер қатты қызықтыруда. Ал, желі де бұл жұпқа жазылар пікірлердің басым бөлігі мынадай…


-Махаббат деген махаббат.


-Неге олай жасадыңыз? Неге? Балаларға обал емес пе?


Ринат Гайсин, композитор:


-Былай істейікші… Махаббат бір бөлек болсын, шығармашылық бір бөлек болсын, жеке өмір бір бөлек болсын. Мен ондай сұрақтарға жауап бере алмаймын да. Өйткені адамның өзінің жеке өмірі бар.


Иә, тыңдарманның тосын сауалына да, оқырмандардың кереғар жазбасына да Гайсиннің еті үйренген. Бірақ композитор үшін махаббат машақаты алғашқы орында.


Ринат Гайсин, композитор:


-Махаббаттың аты махаббат қой. Махаббат әрқашанда болу керек. Махаббат деген ол ең маңызды. Әсіресе әр шығармашылық жолда.


Айта кетейік, Ринат Гайсиннің төрт перзенті бар. Ал, Динаяның алғашқы некесінен бір ұлы өсіп келеді.


 




Көрілген: 3398    Пікірлер: 0

сенбі, 26.10.2019, 15:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30