Өркениет

Мақпал Исабекова болашақ күйеуі туралы айтты

  • Фото: Instagram/makosyai

    Фото: Instagram/makosyai

Отандық танымал әнші Мақпал Исабекова жақында ғана қалыңдық атанды. Өнер иесінің жанкүйерлері ол үшіг аса қатты қуанып, оның таңдауы кімге түскенін біле алмай әлек болуда. Алайда, эстрада жұлдызы сүйіктісінің кім екенін айтуға асық емес. Ол бұл шешімнің себебін де түсіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Мақпал Исабекова қуанышына ортақтасып, өзіне құттықтаулар жолдап жатқан көпшілікке өз алғысын білдірді.

 

Әнші Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде оларға арнайы видео жолдаған. Өнер иесі бейнежазбасында болашақ жолдасының кім екенін не себепті айтпайтынын түсіндірді.

 

"Мені шын жүректен құттықтап жатқандардың барлығына алғысым шексіз. Бұл құдды менің туған күнім секілді болды. Көптеген адам құттықтап, өз жүрекжарды тілектерін жолдап жатты. Мен сіздердің жылы лебіздеріңізді сезіндім. Бұл керемет сезім. Көбісі болашақ жолдасымның кім екенін білгісі келетіні анық. Менің оны не үшін жасырып жүргенімді де сұрап жатқандар жетерлік. Бұл тұрғыда сіздердің түсініктеріңізге үміт артамын. Себебі, менің күйеужігітім мүлдем халық алдындағы адам емес. Ол менің Instagram парақшамда шыққысы келмейді. Халық оны білгенін қаламайды. Мен оның қалауы мен пікірін қатты құрметтеймін. Соған қоса, адамды оның еркінен тыс әрекеттерді жасауға мәжбүрлей алмаймын" , - деді Исабекова.

 

Айта кетейік, Мақпал Исабекова 15 ақпан күні ғашығы өзіне үйленуге ұсыныс жасағанын хабарлаған болатын. Бұл жаңалық бірден желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік әнші үшін қуанып, өз жылы лебіздерін білдірген.

 

 

 

 




Көрілген: 4923    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.02.2021, 17:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30