Өркениет

«Мазақ деп білемін»: журналист Шри-Ланкадан сәлем жолдаған Әнуардың бейнеролигіне пікір білдірді (ВИДЕО)

  • «Мазақ деп білемін»: журналист Шри-Ланкадан сәлем жолдаған Әнуардың бейнеролигіне пікір білдірді (ВИДЕО)

    «Мазақ деп білемін»: журналист Шри-Ланкадан сәлем жолдаған Әнуардың бейнеролигіне пікір білдірді (ВИДЕО)

«Аман ба екен, қашан оралады екен» - деп күтті олар. Бірақ өмір жалғаса береді. Нұрпейісов жасырынып, Шри-Ланкада жеке ісін бастап, фильм түсіріп жүргенде, белгілі бір ұйымның саяси белсенділері билік тарапынан қысым көріп жатты.

Телеграм арнада өзінің белсенділігімен танылып жүрген журналист Әсем Серікбай Әнуар Нұрпейісовтің Шри-Ланкадан түсірген бейнеролигін сынап тастады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.


Журналист халықты дүрліктіріп, сайлау алдында халықты оятуға үгіттеген Әнуар қорқақтық танытты деген тұжырымға келген. Саясатты хайп көрген әртістің қылығы қоғам белсендісінің шымбайына батқанға ұқсайды.


«Ашығын айтсам, Әнуар Нұрпейісовте шаруам жоқ. Бірақ соңына дейін «тұра алмаса» халықты «ұйқыдан оятуды» бастамауы керек еді. Саясат хайп ұстайтын жер емес. Алып, азулы, тәжірибелі «акулалардың» алдында ол кім тәйірі?


Әнуар мырзаның өзі үшін дұрыс шешім қабылдағанына қуаныштымын. Рас айтамын. Саяси сауат, білім болмаса қиын. Және шыны керек, жеке шығармашылығымен ары қарай айналысып жүре бергені барлығына жақсы деп ойлаймын. Себебі, оның сайлау алдында бастаған «қозғалысы» біршама жамағатты үміттендіріп қойды. Жоғалып кеткенінде, алаңдатты. «Аман ба екен, қашан оралады екен» - деп күтті олар. Бірақ өмір жалғаса береді. Нұрпейісов жасырынып, Шри-Ланкада жеке ісін бастап, фильм түсіріп жүргенде, белгілі бір ұйымның саяси белсенділері билік тарапынан қысым көріп жатты. Тіпті, әлі күнге дейін қудалауда жүр. Кімдер екенін өздеріңізге мәлім болар. Медиа кеңістікте олардың (саяси белсенділердің) Нұрпейісовтей атағы болмаса да, өзінің тұрақты аудиториясы бар. Олар саясатқа араласу болашақта бақытты өмір сүрудің жалғыз жолы деп біледі. Және президентті (Шри-Ланкада емес) өз туған жерінде таңдағанды жөн көреді.


Осының барлығын таразылай келе кешегі шыққан роликті мен мазақ деп білемін.


1. Ол үшінші тараптан ескерту алғанын ғана айтты. «Мен ояндым» бейнеролигінде қатысқандардың барлығы сондай ескерту алды және сайлау күні олардың ұялы телефоны бұғатталған болатын. Бірақ олар Әнуар мырза сияқты 4 айға жоғалып кетпеді.


2. Роликте болған мән-жай толық баяндалады деп ойладым, ал ол Шри-Ланкадағы жарқын өмірді көрсетіп, оны ақшаға сатылды деп айыптағандарға өкпесін айтты...


3. 4 ай бойы жоғалып кеткенімен қоймай, Әлішер Елікбаев арқылы фокус-покус жасады. Хайп емей не?)


Тағы қайталаймын, әркім (заң ережелерін айтпағанда) қалай өмір сүргісі келсе де, таңдау жасауға құқылы. Бірақ биліктен бөлек, атақты адамдардың да халық алдында жауапкершігі бар екенін ұмытпағанын қалаймын. Қолынан келмей ме, бастамасын. Бұл елде цирк онсыз да жетерлік», - деп жазды ол өз жазбасында.


Естеріңізге сала кетейік, Әлішер Елікбаевтің жариялауымен Әнуар Нұрпейісовтың Шри-Ланкада жүргенін жазған болатынбыз.


Ал Әнуар Нұрпейісов Youtube арнасында өзінің тірі екенін білдіртіп, өзге елден сәлем жолдап, бейнеролик жариялады. Шри-Ланкада жақсы жайғасқан актер 4 ай қайда, қалай өмір сүргенін хабарлады.  




Көрілген: 1723    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.10.2019, 21:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30