Мөлдір Әуелбекова неліктен орамал таққанын айтты

17 сәуір 2022, 15:49

Мөлдір Әуелбекова орамал тағуға не себеп болды деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Paryz.kz-ке сілтеме жасап.

Отандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова өзінің Instagram парақшасындағы "Stories" бөлімінде "сырласайық" деп жазып, оқырмандарының сұрақтарына жауап берді.

 

Желі қолданушыларының бірі:

 

"Орамал тағуға не себеп болды? Айтып жіберсеңіз енді тағам дегендерге көмек болсыншы", - деді.

 

"Намазға келуіме (6 жыл бұрын) себепкер Әкем! Үй ішімен намздамыз. Ата-анам қажылар.Сол кезден орамал киюге ниетті болып жүріп, 5 жыл өткен соң Алланың қалауымен орамалға да келдім", - деп жазды әнші.