Өркениет

Мөлдір Әуелбекова өзін басшылық қызметке кім ұсынғанын ашық айтты

  • http://www.kazmusic.kz/

    http://www.kazmusic.kz/

Отандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова өзінің басшылық қызметке тағайындалуының артында кім тұрғанын айтып берді. Өнер иесін лауазымды орынға өнер саласындағы сыйлы адамдардың бірі ұсынған болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ 31 арнаға сілтеме жасап.

 

Мөлдір Әуелбекова бүгінде "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының шығармашылық қызметінің басшысы қызметін атқарады.

 

Эстрада жұлдызының аталмыш орынға келуіне белгілі композитор Жеңіс Сейдоллаұлының үлесі зор болған. Әнші өнердегі ағасы оны бұл қызметке қалай ұсынғанын еш бүкпесіз баяндап берді.

 

"Барлығына топырақ шашуға болмайды. Жағымсыз жағы да бар. "Бәке, Жәке" деп жұмысқа кіретіндер және өз еңбегімен, білімімен көтеріліп жақсы жетістікке жетіп жатқандар да аз емес. Менің жағдайымда - Алматы қаласында Жеңіс Сейдоллаұлы ағамыздың арқасы. Ол кезде ол кісі филармония басшысы болған. Сол кезде мен филармониядан ол кісіден кішігірім көмек сұраған болатынмын. Сол жерде мен "Назар" тобының іріктеуін жүргіздім. Сол жерде тұрақтадық. Мен кеңсе ретінде орын сұрағанмын, аға маған берген болатын. Кейін Жеңіс ағаны "Қазақконцерт" ұйымына директор етіп тағайындағаннан кейін, ол кісі өзімен істеген ұжымдағы адамдардың көбіне ұсыныс жасады. Сол кезде мен ойланып, елордаға көшіп кеттім" , - деді Әуелбекова.

 

 

 




Көрілген: 3153    Пікірлер: 0

жұма, 24.04.2020, 13:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30