Өркениет

Мұхтардың алтын домбырасы музейге қойылды

  • Мұхтардың алтын домбырасы музейге қойылды

    Мұхтардың алтын домбырасы музейге қойылды

Қызылордадағы Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыка драма театрында «Алтын домбыра» жүлдесін Мұхтар Ниязовқа табыстау рәсімі өтті.

Шараға Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт вице-министрі Нұрғиса Дəуешов, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Əбдіхалықова, Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы термешілер одағының төрағасы, ақын Жүрсін Ерман, композитор Алтынбек Қоразбаев, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай, Мұрат Сәрсенбай, айтыскер ақын Бауыржан Қалиолла мен Рүстем Қайыртайұлы қатысты.

Осыдан кейін «Алтын домбыра» Қызылорда облысы тарихи-өлкетану музейінің «Мәдениет және өнер» залына қойылды.

Салтанатты іс шарада сөз алған Нұрғиса Дəуешов халқымыздың ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан киелі айтыс өнерін құрметтеп, жаңғырту, кейінгі ұрпақтың санасына сіңіру біздің міндетіміз екенін атап өтті.

Мәдениет және спорт министрлігі халықтың рухани қазынасына айналған дәстүрлі жобаларды жыл сайын жүзеге асырып келеді. Министрліктің қаржыландыруымен 2012 жылдан бері «Алтын домбыра» республикалық айтысы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Жүлде республикалық айтысты өткізу қағидасына сәйкес Тәуелсіздік мерекесі қарсаңындағы айтыста үш мәрте жеңімпаз болған ақынға мәңгілікке табысталады. Осы ретте 2016 жылы Алматыда, 2012 және 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық ақындар айтыстарында «Алтын домбыраны» еліміздің аса талантты айтыскер ақыны Мұхтар Ниязов иеленді. Олай болса ұлы бабаларымыздың жолын жалғастырып, төл өнерімізді насихаттап, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып жүрген Мұхтар ақынға «Алтын домбыраны» табыс етіп, шығармашылық жетістік пен толағай табыс тілеймін,-деді вице-министр.

BAQ.KZ




Көрілген: 2642    Пікірлер: 0

сенбі, 26.12.2020, 00:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31