Өркениет

"МузАртқа" жаңа әнші іздегенін еске алған Бесбаев ақшаға құныққан жастарды сынады

  • "МузАртқа" жаңа әнші іздегенін еске алған Бесбаев ақшаға құныққан жастарды сынады

 Мейрамбек Бесбаев бүгінде өзінің жобасын қолға алған Жанар Айжановаға берген сұхбатында "МузАрт" тобына жаңа солист іздеген сәтін есіне алып, ақшаға құныққан жастарды қатаң сынады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Әнші Мейрамбек Бесбаев Тоқтар Серіковпен бірге Жанар Айжановаға сұхбат беріп, ақша десе ішкен асын жерге қоятын жастар туралы сөз қозғады. Ол "МузАрт" тобына Мақсат Базарбаевтың орнына әнші іздеген кездерін есіне алып, ойын ортаға салды. "Баяғыда біздер, "МузАртта" Мақсат Базарбаев кететін кезде әнші іздедік. Алматыда қанша кафе, қанша ресторан бар, солардың бәрінен музыканттарды іздедік. Анаған барамыз, мынаған барамыз, музыканттармен сөйлесеміз, дауыстары ұнағандары болады дегендей. Сөйтсек, көбіне жастар келмей жатып, бірден талап қояды", - деп есіне алды ол. Бесбаев сол сәтте өнерді бірінші кезекке қоймай, ақшаға құныққан жастарға таң болған. "Біз әлі алған да жоқпыз. "МузАртты" білесің, қалай қарайсың" десек, "айлығым қанша" деп бірден ақшаны қозғайды. Бірінші алдыға өнерді қоймаған, ақшаны ойлап тұрған адам бізге келмейді екен", - дейді ол.

Көпшіліктің сүйікті әншісі өнерге ақша табу үшін келмегенін алға тартты. "Біз осы өнерге ақша табамыз деп келген жоқпыз. Ал дүние - бұйырған нәрсе сен өнерде болмасаң да саған келеді. Жеті қат жердің астында тұрса да, саған бұйыру керек нәрсе бұйырады. Көбіне жастар бірінші планға ақшаны қойғаннан кейін, өнерлері алдыға шықпай жатады", - деп ағынан жарылды Мейрамбек Беспаев. Еске салсақ, бұған дейін Мейрамбек Бесбаев биліктен көмек сұрап, үстемақы үшін таласып жатқандардың басым көпшілігі қазақтар екеніне қынжылатынын жазған болатынбыз. Одан бөлек әншінің қазақ тілін білмейтіндерге қатысты көзқарасы қандай екенін жазған едік. 

KAZ.NUR.KZ




Көрілген: 943    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.09.2020, 23:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30