Өркениет

Нұр-Сұлтандағы шу: қымбат билет алғандар арзан билет алғандардың билегеніне ашуланды

  • Нұр-Сұлтандағы шу: қымбат билет алғандар арзан билет алғандардың билегеніне ашуланды

    Нұр-Сұлтандағы шу: қымбат билет алғандар арзан билет алғандардың билегеніне ашуланды

«10 адам сахнаны көре алмағаны үшін шоудан кейін билетін тапсырды. Мен оларды түсінемін. Ақшасын қайтарып бердім», - деп жазды әртіс концерттен кейін.

Белгілі ресейлік әнші Алексей Чумаковтың Нұр-Сұлтанда өткен концертінен кейін он адам билеттің ақшасын қайтарып беруді талап еткен. Бұл туралы әртіс әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды КТК арнасы.


Чумаковтың концерті 2 мыңнан аса көрермен сыятын «Конгресс-орталықта» өтті. Шоудан кейін ең қымбат билеттерді сатып алған көрермендер шу шығарған. Қонақтардың айтуынша, концерт басталғаннан кейін 40 минуттан соң, артқы қатарда отырған адамдар сахна маңына жиналып, билей бастаған.


Алексей Чумаков сахна жанында билеген адамдардың кесірінен концертті дұрыс тамашалай алмаған тыңдармандарынан кешірім сұрады. Ол мұндай залда фан-зона құру мүмкін емес екенін түсіндірді.


«Концертті алдыңғы қатардан көргіңіз келетінін түсінемін. Сол үшін ақша төлейсіздер. Бірақ, мен бізге барынша жақын болуды қалаған мыңдаған адамға тосқауыл бола алмаймын. Мен әр көрерменіме көңіл бөлгім келеді, Құдай куә. Алайда, бәрінің көңілін табу мүмкін емес. 10 адам сахнаны көре алмағаны үшін шоудан кейін билетін тапсырды. Мен оларды түсінемін. Ақшасын қайтарып бердім», - деп жазды әртіс концерттен кейін.


2003 жылғы «Халық әртісі» музыкалық реалити-шоуының жүлдегері алғаш рет Нұр-Сұлтанда өнер көрсетті. Билет бағасы 10 мыңнан басталып, 40 мың теңгеге дейін жетті. 7 қазанда Чумаков Алматыда концерт береді.


sn.kz




Көрілген: 727    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.10.2019, 12:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31