Өркениет

Нұрболат Абдуллин: Мұғалім болып 50 мың теңгеге жұмыс істедім

  • Нұрболат Абдуллин: Мұғалім болып 50 мың теңгеге жұмыс істедім

    Нұрболат Абдуллин: Мұғалім болып 50 мың теңгеге жұмыс істедім

Нұрболат Абдуллин ең алғашқы жалақысы туралы айтты. Әнші бір кездері мұғалім болып жұмыс істеген. Алғашқы табысы 50 мың теңге ғана болған.

Нұрболат Абдуллин бір сұхбатында алғашқы жалақысының мөлшерін айтты. Мұғалім болған шағын еске түсірді. 

 
“Ең алғашқы алған жалақым 50 мың теңге. Мұғалім болып жүргенде алғанмын. Әрине, ол ақша ешнәрсеге жетпейтін еді”, – деп күлді әнші. 

Әнші үшін ең үлкен мереке – анасының туған күні. 

“Мен үшін анамның туған күні ең үлкен мереке. Ал сүйікті тағамым еттен жасалған тағамдар”, – деді ол. 

Әнші өмірде жолың болмаған жайттан сабақ алу керек дейді. Ол үшін уайым жеудің керегі жоқ. Себебі өмір жалғасады.

“Сәтсіздікті көп адамдар өлім үкіміндей көріп, одан өлердей қорқады. Егер сәтсіздікке ұшырап, ақшамнан немесе басқа да игіліктерімнен айрылсам, ол өліммен тең деп түсінетіндер көп. Мұндай ой сәтсіздіктің астарында біз үшін қандай игіліктер жататынын түйсінуге кедергісін келтіреді. Сәтсіздік – біздің ұстазымыз”, – деді әнші.

“Алла жар болсын”, “Нұрболат Алла саған ұзақ ғұмыр берсін деп тілеймін, өнерің өрге жүзсін. Аман жүр”, “Өнерлісің, келбеттісің, бақыттысың”, “50 мың теңгеге жете алмай жүргендер де бар”, “Мұғалім болғанын елестете алмаймын”, “Мұғалім болған оңай емес”, “Сабақ бердім дегеніне сенбеймін”, “Нұрболат ағай, қай пәннің мұғалімісіз?”, “Қандай жұмыс болса да, адал етсе болды емес пе?”, – деп жазды желі қолданушылары. 

stan.kz




Көрілген: 672    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.10.2021, 11:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31