Өркениет

Нұрболат пен Әбдіжаппардың індет жайлы әні жұртты жылатты (видео)

  • http://agugai.kz/

    http://agugai.kz/

Отандық танымал әншілер Нұрболат Аблуллин мен Әбдіжаппар Әлқожа күллі әлемге үлкен қайғы-қасірет әкеліп, ауыр сынақ болған қауіпті індет туралы әсерлі ән шығарды. Қос өнерпаз өлең арқылы халық басынан өткізіп жатқан қазіргі қиын жағдайды баяндап, бүгінгідей технология қарыштап дамыған заманда бұл вирустың емі әлі табылмай жатқанына күйінді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Абдуллин мен Әлқожа қатерлі індет жайлы әнін арнайы жалпыұлттық аза тұту күніне орай шығарған. Өлеңде меймандарсыз өтіп жатқан мейрамдар мен жамағатсыз болған жаназалар туралы айтылады.

 

Қос әнші өзінің "Әлсіз әлем" атты туындысы арқылы ғалымдары көп мына заманда бір вирусты тоқтатудың тәсілі анықталмай жатқанына күйініштерін жеткізді.

 

Өнер иелері жаратушыдан тығырыққа тірелген адамзатқа дұрыс жол сілтеуін сұрап, қауіпті індет құрбандарына жәннат сыйлауын айтса, ауырып жатқандарға ғұмыр беруін тілеген.

 

Желі қолданушылары аталмыш әннен ерекше әсер алып, қос жұлдыздың еңбегін жоғары бағалады. Олар әншілердің көптің көкейіндегі сөзді бір өлеңмен жеткізе білгенін атап өтіп, туындыны тыңдаған соң еріксіз көздеріне жас алғандарын жасырмай айтты.

 

Еске сала кетейік, бүгін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 




Көрілген: 913    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.07.2020, 21:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30