Өркениет

"Олар гей емес": Танымал отандық актер "91" тобын жақтап шықты

  • "Олар гей емес": Танымал отандық актер "91" тобын жақтап шықты

"Бауыржан шоу" театрының актері Алмат Сақатов Оңтүстік Кореядан жеңіспен оралған "91" тобын жақтап шықты. Бұл туралы "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.


Өнер иесі көпшілікті жастардан құралған топты айыптамас бұрын, олардың бойынан нақты кемшілікті табуға шақырды.



"Мен "Ерболат не істеді?" деп сұрайын деп едім. "91" тобының қандай кемшілігі бар? Олар гей емес. Мен бірден айтайын. Не кемшілігі бар? Олардың киімі ме? Әлде сахнаға шығып, шыңғырып секіргені ме? Бірінші кемшілігін білу керек. Оларды халық, жастар жақсы көреді. Неге?

Менің балам да, ауылдағы ақылды адамның үйінде тәрбиеленген бала да жақсы көреді. Ол жасқа арналған топ. Олар қазір шаштарын түзеп, орындарына келе бастады", - деген актер жас кезінде өзінің де сәнге аса мән бергенін айтты.

Алмат Сақатовтың сөзінше, өзі де 18 жасында құлағын тестірген.


"14-16 жастағы жастардың ішінде қайнап жатқан қарсылық бар. Мен де сондай болғам. 18 жасымда құлағымды тесіп, үстіме былғары шалбар, былғары етік кидім. Шашымды бұйралап, театр институтында жүрдім. Әлі күнге дейін құлағымда тесік бар. Маған "Мынауың не?", "Көгілдірсің бе?" дегендер болды. Ол - сән, стиль. Сол кезде "адам өзінің ішіндегі нәрсені осылай шығарғысы келеді" деп ойладым", - дейді ағынан жарылған Алмат Сақатов.




Көрілген: 604    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.03.2019, 16:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31