Өркениет

«Өліммен тұспа-тұс келдім»: Сәкен Майғазиев бір өлімнен аман қалды

  • «Өліммен тұспа-тұс келдім»: Сәкен Майғазиев бір өлімнен аман қалды

    «Өліммен тұспа-тұс келдім»: Сәкен Майғазиев бір өлімнен аман қалды

«Музарт» тобының солисті Сәкен Майғазиев Нартай Аралбайұлымен сұқбаттасты. Бұл сұқбат барысында қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар әнші өзінің Израильда басынан өткен жағдайды айтып берді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

«Басымнан өткен бір жағдайды айтып берейін. 2014 жылы исламтанушы Амангелді Еранғаев деген ғалыммен қасиетті Әл-Ақса орнында болдық. Ол &ndash Мекке мен Мәдинадан кейінгі үшінші қасиетті орын.

Қадір түнін сол жерде қарсы алайық деген ниет болды. Сонда мұсылмандар мен мұсылман еместердің арасында болған қақтығысты көзіммен көрдім. Біз кіре алмай тұрмыз. Олар 50-ге дейінгі ер-азаматтарды кіргізбейді, яғни жастарды.

Содан Амангелді қажы араб азаматтарға қоңырау шалып, Ясин сүресі мен Фатиха сүресін оқып кіруге тырыстық. Жаңағы жастар бағынбай, көтеріліп кетті. Содан Израиль әскері автоматтарымен келді.

Төбемде тұрып шүріппені басып жіберуге сәл қалды. Сол жерде шүріппені басып жібергенде, кетіп қалар едім. Кәлимамды айтып, отбасым көз алдыма келді. Жаңағы араб азаматтары артқы есікпен кіргізіп жіберді. Соғысты көрдім демеймін, өліммен тұспа-тұс келдім», &mdash деді әнші Майғазиев.

Сонымен қатар Сәкен Майғазиев басқа да мәселелер туралы айтып, журналистпен жақсы сұқбат құрды.




Көрілген: 3101    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.10.2020, 15:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30