Өркениет

Оралдық Ержан Максим "Голос дети" жобасының финалына жолдама алды

  • Оралдық Ержан Максим

    Оралдық Ержан Максим "Голос дети" жобасының финалына жолдама алды



Жобаның жартылай финалында өнер көрсеткен үш баланың ішінен жетекшілік еткен Меладзе Ержан Максимді таңдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі "Мой город" басылымына сілтеп.


Ержан Максим


Ержанның анасы айтқандай жартылай финал 2 наурызда Мәскеуде өткен. Сол кезде Ержан Максим байқаудың финалисті болып жарияланған. Ержанды қолдау үшін көпшілік жиналғанымен, ішке тек ет жақындарын ғана кіргізгенін айтады. Басқа қатысушылармен сахнада тұрғанда қатты қобалжығандарын анасы жасырмайды.


"Олар Муслима Магомаевтың "Синяя вечность" әнін шырқады. Үш орындаушыдан Валерий Меладзе Ержанды таңдады. Байқаудың финалы 26 сәуірде Мәскеуде өтеді. Қазір біз Ақтау қаласында финалға қызу дайындық үстіндеміз. Бізді вокалист Нұргүл Медербекова дайындап жатыр. жеңімпазды Дауыс беру арқылы жеңімпаз анықталатындықтан, қазақстандықтардың қолдауымен жеңіске жетеміз деп үміттенеміз. Дауыс беру мәліметтері кейінірек белгілі болады, - деп айтты Ержанның анасы Гүлмира Әлібек.



Айта кетейік, Ержан Максим №34 мектеп-гимназиясының алтыншы сынып оқушысы. Анасының айтуынша, ол мектепте үлгілі оқушы, репетиторларға барып білімін жетілдіреді, түрлі үйірмелерге қатысады, роликпен сырғанауды жақсы көреді.


"Сахнада Ержан сабырлы, тұйық көрінгенімен, өмірде ол өте мейірімді, көңілді және тартымды бала. Оның достары көп. Отбасымызда кенжеміз. Одан үкен әпкесі бар. Оралда Жастар мәдениет сарайында вокалдан сабақ алады. Жетекшісі Дарья Бақытова тікелей өзі қадағалап отырады", - деп хабарлады Ержанның анасы.


Ержан Максим жартылай финалда өнер көрсетіп жатқанда, студиядағы стакан сынып кеткен болатын. Өнеріне риза болған Валерий Меладзе Ержанға "Айналайын" деп тамсанған еді. 







 




Көрілген: 471    Пікірлер: 0

жексенбі, 07.04.2019, 14:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31