Өркениет

«Орамалыма қарсылық білдіргендер демалыңдар!»: әнші Мөлдір Әуелбекова хиджабын сынға алғандарға жауап берді

  • «Орамалыма қарсылық білдіргендер демалыңдар!»: әнші Мөлдір Әуелбекова хиджабын сынға алғандарға жауап берді

    «Орамалыма қарсылық білдіргендер демалыңдар!»: әнші Мөлдір Әуелбекова хиджабын сынға алғандарға жауап берді

"Әуретіңді жапқаның үшін кінәлі емессің! Алланың алдында КҮНӘЛІ болмасаң, адамның алдында КІНӘЛІ болғаның дым да керегі жоқ! Сондықтан ешкімге берме! Осы бетіңнен қайтпа!!!" деп тым жақсы хабарлама жіберді Жасұлан Базарбаев.

Мөлдір Әуелбекова орамал тағып, екінші мәрте тұрмыс құрғалы бері көпшіліктің талқысында. Бірі есімін, бірін орамалын айтып, сауал қояды. Сахнаға жабық киініп шығудың мәдениетсіздік екенін айтады. Әнші сын айтушы оқырмандарына жауап берді. 

"Әй, бал (балдыз) қыз! Неғып есеп бересің? Әуретіңді жауып жүргенің үшін бе? Не үшін??? Образың әдемі, Аллаға шүкір! Сен дін ұстанғаның үшін кінәлі емессің! Әуретіңді жапқаның үшін кінәлі емессің! Алланың алдында КҮНӘЛІ болмасаң, адамның алдында КІНӘЛІ болғаның дым да керегі жоқ! Сондықтан ешкімге берме! Осы бетіңнен қайтпа!!!" деп тым жақсы хабарлама жіберді Жасұлан Базарбаев жездекем! Орамалыма қайта қайта қарсылық білдіріп, әр суретіме ерінбей қақсап жазып жүрген хэйтерлер терең ДЕМАЛЫҢДАР!", - деп жазды әнші.

Әуелбекованің бұл сөзі біріне ұнаса, енді бірінің шымбайына батты. Әншінің тәкаппарлық көрсетті деп айыптағандар бар. 

"Ма Шаа Аллаһ жарасып тұр. Бақытты болыңыздар. Әуретін жабу парыз қыз балаға. Қабыл болсын ниетіңіз", "Елдің сөзіне сенудің керегі жоқ", "Адам адам алдында есеп бермейді, Құдай алдында есеп бересіз", "Демал дегеніңіз артық кетті, иманды қызға жараспайды", - деп жазды олар. 

Бұған дейін есімін Айша деп өзгерткен әнші сахнадан жырақтап кеткен еді. Оның өнерден қол үзетіні арагідік айтылып жүрді. Алайда әнші ресми жаңалығын хабарлады. Жолдасына "Сүйіктім" атты ән арнады.

sn.kz




Көрілген: 2432    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.12.2020, 15:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28