Өркениет

Орысша сөйлейді екен деп, мен оның жан дүниесіне түкіре алмаймын - Индира Расылхан

  • Коллаж: KAZ.NUR.KZ

    Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Қазақ эстрадасының әншісі Индира Расылхан желіде орысша сөйлегені үшін сынға қалған жолдасын жақтап шақты. Өнер иесі отағасы екеуін сөгіп тастаған көпшілікке жауап беріп, қызу талқыға түскен видеоларына қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Индира Расылхан оқырмандарына отбасылық бейнежазбасын көрсетемін деп басы бәлеге қалды. Әнші аталмыш видеода күйеуімен орысша сөйлесіп, оған тамақ әзірлетіп қойғаны үшін елден оңбай сөз естіді.

 

Шоу-бизнес жұлдызы Instagram парақшасында өздеріне айтылған сынның орынсыз екенін айтып, жолдасына қатысты бар шындықты айтты.

 

"Біріншіден, Асекең үлкен әріппен "Аспазшы". Мұндай жарға жолыққан менің жолым болғыш екен. Мен жолдасымның қабырғасынан жаралғаннан, мен ол кісі не айтса да, не істесе де, тек қолдауым ғана қажет. Иә, ол орысша сөйлейді. Орысша сөйлейді екен деп, мен оның жан дүниесіне түкіре алмаймын. Алла мені Асекеңмен бір болуды жазғандықтан, мен оның жетістігіне қуанып, кемшілігін жасыру, менің әйелдік міндетім. Себебі ол мені жар етіп алғанда, осы әйел менің жақсымды асырып, жаманымды жасырады деген сеніммен алды емес пе?

Мен қаншалықты сол сенімін ақтаудамын? Мәселе сода! Иә, кемшіліксіз адамның болмайтыны рас. Кейде, кемшіліктерінен қашып кеткім де келетін кездер де болады. Бірақ, ол менің қашан да болсын қолдауыма мұқтаж екенін білемін. Асекең орысша сөйлесе, ол дінін ұмытты деген емес. Әлхамдулиллаh, намазхан азамат" , - деді ол.

 

Өнер иесі жазбасының соңында әйелдер қауымына жолдастарын бағалауға шақырды.

 




Көрілген: 1415    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.05.2020, 13:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31