Өркениет

Отандық журналист Еркенің аяқ киімін иіскеген AZ-нің әрекетін сынады

  • https://kaz.caravan.kz/

    https://kaz.caravan.kz/

Қазақстандық журналист Махат Садық Ерке Есмаханды сынға алды. Креатив жасаймын деп ерсі қылық жасап жүргендерге мін тақты. Журналистің сөзін қолдағандар да, қарсы шыққандар да бар деп хабарлайды kznews.kz.

 

“Креатив кесапаты! Ерке Есмахан жігітімен бейнебаян түсіреді. Жігіті оның аяқ киімін иіскеп, кері лақтырады. Егер оның аяқ киімі сасық болса, ол қазақ қыздарына тән емес деп басқалар шуламасына кім кепіл? Жастар ерік өзімде деп білгенін істеп жүр. Орысша ақпарат көздері мұны мазақтап жазды. Не бабалар дәстүрін білмеу, не әлемдік озық мәдениеттен үйренбеу ыңғайсыз маразмге соқтырады!”, – деді журналист.

 

Оның айтуынша, өз замандастарымыз, жастарымыз осындай әрекетке барса, шетелде жүрген Бораттарға ренжудің керегі жоқ. Жастарға тізгін береміз деп, ұлтқа кесірі тиіп жатыр.

 

“Боратқа ренжиміз. Ал өзіміздің жұлдыздар одан асып түсті. Сонда не болғаны. Креатив деп көрінген әрекетке бара ма? Бұл жаңашылдық емес, креатив бұлай жасалмайды. Орыс сайттар бұл маразмды мазақтап жатыр. Шетелде тек мультикте бар мұндай. Идеяны ұрлағанда да байқау керек”, – деп жазды Мақсат Садық желіде.

 

Оның келіскен желі оқырманы қостай жөнелді. Ал әншіні ақтағандар қарсы пікір жазып жатыр.

 

“Қоғам қызығушылығы деп ақталады тағы. Жалпы, журналистика денгейі мен қоғам қызығушылығы жеткізген ситуация меніңше”. “Борат қып жатқан надан шегірткелер! Білім де жоқ, (тарихи дәстүрді қайдан біледі, оқымаса) намыс та жоқ, мәдениеттен жұрдай, ұлтқа кесапаттары тиіп жатыр!”.

 

“Өресіздіктің апарып соғар жері сондай болмақ. Өкінішті-ақ! Ұлтқа ұят келтіру қарғыс қамытын таққызса жаман. Ойланса екен «жұлдызбастар», “Иә, осындай жасандылықтар, алды-артын ойламай есіру, шектен шыққан дарақылық – қазақ деген ұлы елге күйе жағып болды. Оларға тоқтау айтар кім бар?!”.

 

“Болмайтын нәрсені талқылап отырған сіздер де. Ешқандай клип те емес жәй әншейін Еркенің сториске салған заты ғой бұл. Енді соны жаңалық қылып отырған БАҚ өкілдерінің деңгейінен көрмесңіздер, Еркенің не қатысы бар?”, “Енді елді күлдіруге де болмайтын болды, бірнәрсе істесе, аңдып отырады”, деп жазды олар.

 

Айта кетейік, бұған дейін Азамат Зенкаев желіге Ерке Есмаханмен түскен кезекті видеосын жүктеп, қызу талқыға түсті. Бейнежазбада қос ғашық ханшайым мен ханзаданың кейпінде шыққан. Хикаяның соңында ел күткен «хэппи енд» болмайды. Ханзада АZ аяқ киімді иіскеп, лақтыра салады.

 

 




Көрілген: 701    Пікірлер: 0

жұма, 15.10.2021, 20:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30