Өркениет

"Өз үйінен қуып шықты": Мұрат Мұтырғанов әкесімен болған оқиға жайлы айтты

  • "Өз үйінен қуып шықты": Мұрат Мұтырғанов әкесімен болған оқиға жайлы айтты

Танымал әртіс, сиқыршы Мұрат Мұтырғановтың әкесі, белгілі цирк әртісі Кәрім Мұтырғановты Алматы циркі мекемеге кіргізбей, қуып шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Мұрат Мұтырғанов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

 
"Достар, мен шығармашылық жолымды бастаған цирк -  бір сөзбен айтқанда біздің үйімізге айналған Алматы циркінде көңіл жабырқатарлық жағдай болды. Бүкіл әлемге Алматы циркін танытқан адам - менің әкемді онда кіргізбей қойған", - деп жазды ол.

Айтуынша, Кәрім Мұтырғановты Алматы циркіне белгісіз себептермен кіргізбей, тіпті қуалап жіберген. Ол өз кезегінде мекемеге жас әртістерді қолдап, ақыл-кеңестерін айту үшін келген. 

"Жасы үлкен кісіні қуалап жіберді. Қазір әкемнің көңілі қатты жабырқаулы, жүрегі ауырып отыр. Ол зейнетке шыққан және цирк қызметкері болып саналмайды. Бірақ, меніңше, бұл үлкен кісіні далаға қуалап жіберуге болатынын білдірмейді. Ол бүкіл өмірін циркке арнаған адам, гастрольдерде Алматы циркін бүкіл әлемге танытқан. Осының бәрінен кейін оны туған үйіне кіргізбей қойды. Бұл арсыздық және дұрыс емес",- дейді ол.

Оның сөзінше, Кәрім Мұтырғанов цирктің құрметті әртісі атағына лайық және мекемеде атаулы орны болуы тиіс. 

Кәрім Мұтырғанов өз кезегінде бұл жағдайдың бірінші рет болмағанын айтады.

"Мені цирктен күзетші қуып жіберді. Әкімдік оның мінез-құлқына жауап беруге уәде берді, бірақ... Оның тарапынан кешірім айтылған жоқ.

Менің циркке келмегеніме көп жылдар болды. Бүгін менде цирк жанындағы телеарнада түсірілім болды, Циркке кіріп, онымен амандасып, Қазақстандағы цирк өнерінің дамуы туралы сөйлескім келді. Ол сөйлескісі келмеді және мені цирктен кетуімді күзетші арқылы сұрады.  Өз білімім мен тәжірибемді кәсіби әртістерге жеткізгім келеді"- деп түсіндірді Кәрім Мұтырғанов.




Көрілген: 2672    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.10.2020, 17:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30