Өркениет

Пандемия кезінде Абай фильмі қалай түсіріледі – министр жауап берді

  • Пандемия кезінде Абай фильмі қалай түсіріледі – министр жауап берді

    Пандемия кезінде Абай фильмі қалай түсіріледі – министр жауап берді

Министрдің айтуынша, жыл соңына дейін түсіріліп бітетін деректі фильмге көп адам тартудың қажеті жоқ

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Абай туралы деректі фильмнің қалай түсіріліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Иә, фильм түсіріліп жатыр. Ол сараптамалық комиссия мен ведомствоаралық комиссиядан өтті. Бәрі сәтті болды. Қазір олар жұмыстарын бастап жатыр. Аманшылық болса, жылдың соңына дейін аяқталып қалады", - деді Райымқұлова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Министр пандемия кезінде фильмді түсіру мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, деректі фильмге көп адам тартудың қажеті жоқ.

"Деректі фильм болғасын көптеген нәрселер деректі құжаттардан тұрады. Сондай-ақ қорда бар бейнежазбаларды пайдаланады. Енді бұл бір сәтте жасалатын нәрсе емес. Көптен бері дайындалып жүрген үлкен әрі жақсы жобалардың бірі", - деп атап көрсетті Райымқұлова.

Айта кетейік, деректі фильм Абайдың қара сөздері негізінде түсіріліп жатыр. Бұған дейін Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына үш деректі фильм және бір қысқаметражды кино жасалады деген жоспар болған. Бірақ жоспар өзгерді.

Сондай-ақ бастапқы кезде барлық мерекелік шараларға бюджеттен 3,2 миллиард теңге (7,2 миллион доллар) бөлінген. Пандемияға байланысты ол да 2,36 миллиард теңгеге (5,3 миллион доллар) дейін қысқарды.




Көрілген: 369    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.06.2020, 13:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз, 13:48
    Қарбызды жаз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31