Өркениет

Рамазан Стамғазиев 82 жасында үйленген Нүсіпжановты сынағандарға жауап берді

  • Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

    Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

82 жасында өзінен 45 жас кіші жанға үйленген Нұрғали Нүсіпжанов ел арасында әлі де қызу талқыда. Десе де, өнер жұлдыздары арасында белгілі тұлғаның шешімін толықтай қолдайтындар да бар болып шықты. Солардың бірі Рамазан Стамғазиев. Әнші үлгі тұтар ұстазын сөккен жұртшылыққа өз жауабын берді деп жазады KAZ.NUR.KZ "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.

Рамазан Стамғазиев өнердегі ағасы Нұрғали Нүсіпжановтың қартайған шағында тағы да шаңырақ көтеруіне қатысты ойын ашық айтты.

"Нұрғали ағаны әңгіме етіп жүрген адамдар, ол кісінің қасында болған жоқ. Басы ауырып, балтыры сыздап жатқанда қасында отырып, жағдайын сұраған жоқ. Қабағын мұң, қасынан қырау шалған кезде қасында олар тұрған жоқ.
Ағамыздың осы мәселесі көтерілген кезде, мен оған бірден телефон шалдым. Сонда ол кісі маған "Ел айтады, айтсын. Бірақ, мен осынша жасқа келгенде дұрыстап өмір сүргім келеді" деді. Оның қайтадан өмірдің жаңа бір парағын ашып, еңсесін көтеріп, күш-қуаты бар кезде айтатын әні, әлі де шәкірттеріне үйретері мен бағындырар асулары бар екенін, өмірдің жаңа белестеріне қайтадан ұмтылғанына қосыламын" , – дейді дәстүрлі әнші.

Оған қоса, Стамғазиев елге сыйлы ұстазы екінші мәрте үйленбес бұрын, бұл мәселені қыздарымен талқылағанын алға тартты. Өнер иесінің жақындары оның бұл некесіне еш қарсылық білдірмей, өз рұқсатын берген.

"Баласы, болмаса, қыздары жоқ емес. Биік-биік белестерде тұр. Қыздарым маған қарсы болған жоқ деді. Сондықтан үйлену жайлы ойы өзі ғана шешкен шаруа емес. Бұл отбасымен, балаларымен ақылдаса отырып, жасалған қадам деп есептеймін" , – дейді әнші.

Айта кетейік, Нұрғали Нүсіпжанов өткен жылы 82 жасында отбасын құрды. Белгілі әншінің таңдауы өзінен 45 жас кіші журналист Жадыра Сейдешке түскен.

Өнер иесінің үйлену тойы желіде аса қызу талқыланған болатын. Бұл жаңалықты естіген шоу-бизнес жұлдыздары ерлі-зайыптыларды жарыса құттықтады.

 




Көрілген: 722    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.01.2020, 11:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29