Роза Рымбаева сахнадан қашан кететінін айтты

11 желтоқсан 2021, 15:00

Халық артисі Роза Рымбаева биыл 64 жасқа толды. Әнші сонда да әлі күнге дейін сахнада өнер көрсетіп жүр, деп хабарлайды Экспресс К.
Өнер иесі өнерден он жылсыз кетпейтінін кесіп айтты. Әзірге оның сахнада ән айтатын қауқары баршылық.

instagram.com/rozarymbaeva
"Мен өзімнің хәлімді білемін. Менің әлі он шақты жыл сахнада өнер көрсететін шамам бар. Энергиям, күш-қуатым, келбетім бар. Әртіс уақытында сахнадан кетуі керек. Сол жағынан кешігіп қалсам, онда елге күлкі боламын. Грета Гарбо есімді әйгілі актриса бар ғой. Сол жасы келгенде кинодан кеткен Тіпті елге көрінбеген. Сол жарық жұлдыз кезіндегі келбетім халықтың есінде қалсын деп. Бізде ондай емес, бізде жай ғана уақытында сахнадан кету керек. Уақытында, елге күлкі болмай, дірілдеп-қалшылдамай, алжымай дегендей", — дейді Роза Рымбаева әріптесі Нұрлан Албанға берген сұхбатында.

Экспресс К.