Өркениет

Салтанат Бақаева Жаманқұловқа қатысты оқиғаға пікір білдірді

  • Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Отандық танымал әнші әрі актриса Салтанат Бақаева өнердегі ағасы Тұңғышбай Жаманқұловтың даулы оқиғасына қатысты пікір білдірді. Шоу-бизнес жұлдызы бұл жағдай белгілі актерге аса ауыр тигенін айтты. Ол өзі үлгі тұтатын өнер иесіне барынша қолдау білдіріп, қолынан келгенше көмек көрсеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ 31 арнаға сілтеме жасап.

 

Салтанат Бақаева бұл дауда Тұңғышбай Жаманқұловтың ақталып шыққанына аса қуанышты екенін жасырмады. Әнші өнердегі ағасының басына түскен қиын кезеңді есіне алды.

 

"Біз отбасымызбен Тұңғышбай ағаны барынша қолдап жүруге тырыстық. Ол кезде оңай болған жоқ. Тұңғышбай аға сырқаттанып, ауруханаға жатып қалған болатын. Дегенмен, біз қасында болдық. Қолымыздан келгенше көмектесуге тырыстық. Қазір енді бәрі жақсы. Тұңғышбай ағаның ақ екеніне бәрінің көзі жетті. Шын мәнінде қателіктері болған жағдайда, қазіргі уақытта оған деген көзқарас өзгермес еді деп ойлаймын. Ең бастысы- ол ақталып шықты. Сол үшін біз аса қуаныштымыз" , - деді Бақаева.

 

Айта кетейік, бұған дейін Тұңғышбай Жаманқұлов басына іс түскенде өзінен көп адам теріс айналғанын айтты. Сахна майталманы өзі үшін аса қиын әрі ауыр болған сәтінде қасынан өнердегі әріптестері табылмай қалғанын жайып салды.

 




Көрілген: 2309    Пікірлер: 0

жұма, 24.04.2020, 16:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30