Өркениет

Серікбол Сайлаубек: "Ол адам емес, шайтан, қолыма түссе басын кесемін"

  • © Arnapress.kz

    © Arnapress.kz

Серікбол Сайлаубек көп жағдайға кешіріммен қарайтынын айтады. Өзін алдаған, зиян келтірген не жаманданған жандар үшін құдайдан мейірім тілеймін дейді. Алайда жанында жүрген досының өзін сатып кеткенін еш кешіре алар емес.

 

Бұл туралы әнші "Талантым-тағдырым" бағдарламасында айтты деп хабарлайды stan.kz.

 

Серікбол Сайлаубек болмысынан қарапайым дан. Сенгіш. Сенгіштігі өзіне үнемі кесірін тигізіп жатады. Адамның бәрін өзіндей көреді. Сол қасиеті өзіне таяқ болып тиетін кезі аз емес. Әнші өзін сатып кеткен досы туралы айтты.

 

"Мен бір жігітпен таныстым. Сөзі де, өзі де дұрыс еді. Не деген жақсы жігіт деп жүрдім. Одан ешнәрсе жасырмадым. Менің қасымда жүрген бала еді. Менің қайда екенімді, не істеп жүргенімді, жоспарларым туралы білетін еді. Сөйтсем ол адам емес нағыз шайтанның өзі екен. Қазақстанды аралап, тегін концерт беріп жүрген кезім еді. Ол жігіт менің үйде емес екенімді, концерт кезінде телефоным өшірулі тұратынын біліп үйіме барыпты. Анама менің жаман оқиғаға түсіп қалғанымды айтыпты. Анамның сеніміне кіріп, ақш сұраған. Ұлыңыз қиын жағдайда, оған ақша керек деп шу шығарған. Анамды алдаған адамды шайтан деп есептеймін. Мені ғана емес, бәрін алдаған. Әлдекімдерден естуім бойынша, ол 18 жастағы жас қызға үйленем деп, әкесінің ақшасын жымқырып, қашып кеткен. Соның кесірінен жас қыз өзіне қол жұмсап, асылып қалған екен. Одан басқа да алаяқтығы бар", - деді әнші.

 

Серікбол ол жігіттің бүгінде полицияның қолына түсіп, жазасын алғанын айтты. Алайда өзінің құрығына түскенде оңай құтылмас еді дегенді айтты.

 

"Ол жігіт сотталып кетті. Менің ақшамды , басқалардың ақшасын қайтарған жоқ. Сотталып кетті. Бірақ полицияның қолына түсіп, сотталғаны дұрыс болды. Егер менің қолыма түссе, одан да қиын болар еді. Мен оның басын кесер едім. Себебі ол кезде мүлде ашулы едім. Қазір де ол жігіт бақылауда. Соны біліп жүрсін", - деді әнші.

 

Әншінің өзін сатқан досына өкпесі қара қазандай. 




Көрілген: 545    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.04.2020, 17:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30