Өркениет

Іш киіммен түскен суретінің астына "төсектес болудан қорықпа" деп жазба қалдырған әнші сынға қалды

  • © Муз-ТВ

    © Муз-ТВ

Мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Рамазан айында іш киіммен түскен суретін Instagram парақшасына жүктеген отандық әнші Dinaya жұрттан сөз естіді деп жазады KAZ.NUR.KZ.


"Жаратқанның ашуынан басқа ештеңеден қорықпа. Қуан және өмір сүр! Жасың мен салмағыңнан, пайда болған әжім мен ақ шаштан қорықпа. Сені қабылдамаса, жақсы көрмесе, мән берме! Сырт көздің пікіріне құлақ аспа! Олар сен үшін өмір сүрмейді. Қанша уақыт қорқынышпен өмір сүруге болады?


Өзіңді көрсетуден, өзгенің талабына сай келмеуден, біреуге ұнамай қалудан қорықпа! Ақымақ болып көрінуден де қаймықпа!

Түсінбегеніңді жүз рет болсын сұра! Өмірдегі тосқауылдар мен кідірістерден, өзіңнің істей алмайтын ісіңді мойындаудан қорықпа!


Өзіңе ұнайтын киімді киюден, пайда болған мәселеден қаймықпа! Қаласаң қисық жүр! Жылау мен күлуден де қорықпа! Барлық сұлулық сенің ішкі жан дүниеңде!

Калориясы көп тамақ ішкің келсе - іш, ішімдікті қаласаң - бас тартпа, темекі шеккің келсе - тоқтама. Бұлардың зияны сені тоқтатады ма?


Сен өзіңді белгілі бір заттардан шектеуің мүмкін, бірақ өзіңді ешқашан қорқынышпен қоршама! Егер қаласаң - байқап көр!

Өзіңе ұнамайтын нәрсені тіке айтудан, көзге тіке қараудан қорықпа! Өз армандарыңнан, тілектеріңнен қорықпа!


Біреумен төсектес болудан, біреуді орнына қоюдан, жалғыздықтан қорықпа! Өмірді өзің қаламағандай сүруден қорық", - деп жазған әнші.





Ал желі қолданушыларын өнер иесінің жазбасы емес, жартылай жалаңаш мүсіні ашуландырған.


"Ұят болды", "Диная сен тұрмысқа шыққан кезде қандай болғаныңды ұмытпа", "Бастысы өз болмысыңды жоғалтпасаң болғаны", "Абыройыңа нұқсан келтіруден, ата-анаңды ұятқа қалдырудан қорық! Лас қауесеттен қорық".


"Біле білсеңіз, қазір қасиетті Рамазан айы", - деп жазды желі қолданушылары.

Әнші өзіне ораза уақыты екенін ескерткен оқырманына жауап қайтарып үлгерген.


"Мен жазбаға көбірек мән бергенмін. Ал сіз маған қасиетті ай екенін айтып, айқайлайсыз. Мен - мұсылманмын. Сондай-ақ, мұны өзгелерсіз де жақсы білемін. Сондықтан оқыңыз! Менің жазбамда әр адам тап болатын мәселелер жазылған", - деп Dinaya пікір жазушыны орнына қойған.


Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы әнші төрт баласы бар Ринат Гайсинмен көңіл жарастырғанын мойындаған болатын. 




Көрілген: 7853    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.05.2019, 19:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31