Өркениет

Шешендер басқа ұлт өкілдерімен неге отбасы құрмайды, салттары қандай

  • Шешендер басқа ұлт өкілдерімен неге отбасы құрмайды, салттары қандай

    Шешендер басқа ұлт өкілдерімен неге отбасы құрмайды, салттары қандай

Қазақстанда тұрып жатқан шешен ұлттары қандай? Олар салт-дәстүрлерін әлі де ұстана ма? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне шешен ұлтының қызы Илина Хитенаева әңгімелеп берді. Ол шешендер аралас некеден туған жігітке қызын бермейді, қыздары да "нағыз шешенге" тұрмысқа шығуға тырысады дейді.

шешен қыз

–    Илина, шешен халқы туралы айтып беріңізші, олардың мінезі қандай?

 

–    Шешендер – Шешенстан халқынан тараған нахск халқы. Олар Солтүстік Кавказда мекендейді. Шешен тауларында болып, ауасын жұтқан адам ғана олардың нағыз мінезін тани алады. Сол халықтың мәдениетін және әйелдерге деген қарым-қатынасын, салт-дәстүрлерін біле алады деп ойлаймын.  Орыс тарихшылары шешен халқының әдемі ұлт екенін жазып, олардың көздерінде от барын айтып кеткен ғой. Бойы ұзын, дене бітімі көркем әрі көңілді, кекшіл деген. Тіпті шешендерді «Кавказдың француздары» деп атаған екен. Шешен халқының мінезін қасқырға да ұқсатуға болады. Өйткені біздің сүйікті жануар – ол қасқыр. Шешен жігіті мың ойланып барып шешім қабылдайды. Өйткені оның әр шешімі - отбасының абыройы. Шешен отбасында бауырлар үй үшін бір-бірімен жаға жыртыспайды. Мүмкін бар шығар. Бірақ өте сирек кездеседі. Себебі шешендер отбасына қатты қарайды. Егер шешен бала ата-анасыз қалса, оны міндетті түрде бауырлары бағып алады. Жетімдер үйіне өткізіп тастау жоқ бізде. Мысалы, бізде біреу ауырып қалса, онда барлық туыстар келіп кезек-кезегімен қарайды. Бір отбасында кісі қайтыс болса, онда туысқандары сол үйге азық-түлік апарады. 

–    Қазақстанға қашан және қалай көшіп келген?

–    Қазақстанға шешендер мен ингуштар ХХ ғасырдың 40-шы жылдары Солтүстік Кавказдан қоныс аударған. Шешендер мен ингуштардың материалдық мәдениеті көп жағынан ұқсас. Қазақстанда олар өздерін мәдениетті ортада қалыптастыра білді. Шешендер мен ингуштардан «вайнах» деген сөзді жиі еститін боларсыздар. Ол «Біздің халық» дегенді білдіреді. Осы арқылы олар өздерін басқалардан айырмашылығын көрсеткісі келеді. Қазақстандағы ингуштар мен шешендер өздерінің ұлттық мінез-құлық мәдениетінің жәдігерлерін сақтап қалды. 

–    Ұлттық киімдері қалай нақышталған?

–    Шешен мен ингуштар басқа ұлттың да салт-дәстүріне құрмет көрсетеді.  Шешен бостандықты жақсы көретін халық. Өмір сүру салты, мінезі мен салт-дәстүрі – шешендердің ұлттық киімдерінде бейнеленген. Біздің ұлттық киіміміз - жарқын, мерекелік нақышта. Ерлердің киімі гүлді болып келеді. Киімдегі ақ түс сол адамның байлығын көрсетеді. Ал әйелдердің көйлегі неше түрлі гүлдерден тұрады. Матасы да өзгеше тігіледі. Әйелдің киімі оның жасы мен қоғамдағы беделін көрсетеді. Ұлттық киім төрт элементтен тұрады: туника-көйлек, үстіңгі көйлек, белдік және орамал. Төгіліп тұратын көйлекті үлкен әйелдерге киюге болмайды, ол жастарға арналып тігіледі. 

–    Шешен отбасында әйелдердің атқаратын рөлі қандай?

–    Қанды соғысты және жекпе-жекті тек әйел ғана тоқтата алады. Сол себептен әйелдің атқаратын рөлі биік. Басындағы орамалын жерге тастағаннан кейін төбелесіп жатқандар бірден тынышталады. Бұл әйелге деген құрмет пен сыйластықты білдіреді. Әлі күнге дейін әйелдің рөлі ерекше. Дәстүр бойынша ер адам әйелдің алдында жүреді. Бұл әйелін қорғай алатынын және әруақытта соның жанында болатынын түсіндіреді. Сонымен бірге шешен әйелі үлкендерді қатты сыйлайды. Алдын ешуақытта кесіп өтпейді. Дәстүрімізде солай қалыптасқан. Үйге қонақ келсе, әйел шәй құйып отырмайды. Өйткені еркектердің көзіне түспеуге тырысады. Әйелдер басқа бөлемеде тамақтанады. Ал қонақтарды сол үйдің кіші ұлдары күтеді.

–    Шешендер отбасы қонақты қалай күтеді?

–    Шешендер тарихта көп ауыртпашылық көрген халық болса да біз әлі күнге дейін өзіміздің салт-дәстүрлерімізді сақтап келеміз. Үйге келген қонаққа құрметпен қараймыз. Төрімізге шығарып, ұлттық тамағымызды ұсынамыз. «Қонақ келмеген үйге береке де кірмейді», «Үйге келген қонақ – қуаныш» деген ата сөзі бар. Қонақтың алдына қоятын тамағымыз – жижиг галныш деп аталады. Ол асылған еттен жасалады. Қамыр илеп, оны макарон сияқты етіп кесеміз. Ет піскен сорпаға кеспені салып пісіреді. Ары қарай сарымсақты майдалап турап, ортаға қояды. Тамақты сарымсақпен жейді. 

–    Жалпы шешендер өзге ұлтқа қыздарын бермейді деп айтады. Қаншалықты рас?

–    Шешен ұлтында аралас неке сирек кездеседі. Орыс ұлтынан қыз алғандар кездеседі. Бірақ мүмкіндігінше, қыздарын өзге ұлтқа күйеуге бермеуге тырысады. Шешен жігітке тұрмысқа шыққан бойжеткен оның тілі мен дінін, мәдениетін білуге тиіс. Ең бастысы мұсылман болуы керек. Кейде аралас некеден туған жігітке өз қыздарын күйеуге бермей жатады. Қан бұзылады деп ойлайды. Оларды «нағыз шешен» емес деп қабылдайды. 

–    Үйлену рәсімі қалай өтеді?

–    Шешендердің тойы үш күнге созылады. Бұрындары егер жігіт қызды ұнатса, онда оған сыйлық беріп жіберетін болған. Егер ол сыйлыққа жауап берсе, онда қыздың көнгені болып есептелген. Өйткені бұрын бір-бірімен ашық кездеспейтін еді. Ал қазір бәрі заманға сай болады. Той болатын күні қыз арнайы суға түседі. Оған нешетүрлі емдік шөптер салынады. Күйеуге шыққалы жатқан қызға мүмкіндігінше, ұлттық киім кигізіледі. Ол «чокхи» деп аталады. Көйлектің етегіне ине тағып, арнайы қолорамал береді. Бұл затты әйел өмір бойы сақтауға міндетті. Өйткені ол жамандықтан және тіл-көзден сақтайды. Сіздерде қызды тойханадан алып кетіп жатады ғой. Ал бізде күйеубала міндетті түрде қалыңдықты өз үйінен алып кетеді. Содан кейін жеңгелері немесе әпкелері қалыңдықтың киімінің арасына бұршақ, жүгері және өріктің сүйегін салады. Бұл да дәстүр бойынша жақсылықтың нышаны болып саналады. Егер күйеубала әйелінің туыстарын сыйласа, онда жұмаққа барады деп айтылады.

 

Дайындаған: Анар Дәукен


 

 




Көрілген: 428    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.03.2020, 19:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30