Өркениет

"Шошып кеттім": Шұғыла Сапарғалиқызы Қазақстанға алғаш келген кезін есіне алды

  • "Шошып кеттім": Шұғыла Сапарғалиқызы Қазақстанға алғаш келген кезін есіне алды

Көптен бері ел алдында көрінбей кеткен танымал биші Шұғыла Сапарғалиқызы "Оңай емес" бағдарламасында сұхбат беріп, Қазақстанға алғаш келген кезін есіне алды. Ол отанына осыдан 20 жыл бұрын оралған болатын деп жазады "Оңай емес" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шұғыла Сапарғалиқызы Алматыға бірінші рет келген кезінде алған әсерімен бөлісіп, Қазақстанда көрсетілген үлкен қолдау үшін алғыс білдірді.


"Менде Қазақстанға барамын, елге ораламын деген ой болған емес. Алғаш рет 1996 жылы көктемде бір концертке келдім. Сол кезде бір демалыс алып әке-шешемнің ауылына барғанмын. Бірінші рет Жаркенттің кеденінен өтіп, шынымды айтсам шошып кеттім. Мен Бейжіңде жап-жас 22 жастағы қыз болып жүргенімде, Алматыда тәуелсіздік енді ғана алынған кездер еді.

Кешке қарай жарықтың барлығын өшіріп тастайтын, жолдардың барлығы шұңқыр-шұңқыр болатын. Осындайды көргенде маған сондай ерсі болып көрінетін. Сол кезде мен "Қазақстанға келіп, мұнда өмір сүргенше, Бейжіңнен Үрімжіге көшіп барғаным артық" деп ойлайтынмын. Сол кездегі заман шынымен сондай еді" , - деп есіне алды биші.

Бастапқыда Қазақстаннан кері әсер алған Сапарғалиқызы кейіннен отанына ақыр-соңы көшіп келген. Биші бұл шешіміне еш өкінбейтінін атап өтті.


Ол 2000 жылы еліне оралған сәтте үкіметтен де, отандастары тарапынан да өте үлкен қолдауды сезінгенін жасырмады.


"Тағдыр өзі айналдырып алып келді. 2000 жылға дейін мені Қазақстан үкіметі үлкен мемлекеттік концерттерге, үлкен мерейлі тойларға жиі шақырып тұрды. Мемлекеттің ауқымды тойларына менің бүкіл гонорарым мен жолымды төлеп, сыйлап шақыратын.

Мені концерттерге қонақ ретінде шақырған. Содан кейін, ең соңғы сөзді Елбасы айтты: "Қызым, қарағым қашан келесің енді? Болды енді, жетер. Еліңе еңбек ететін кезің келді. Үйрендің. Көрдің барлығын" деді. Сосын ата-анам да "қазақпыз ғой" деп, ар жағынан қаның тартып тұрады екен.


Сөйтіп, мен 2000 жылы бел буып, еліме көшіп келдім. Бірден көшіп келгенімде менің қазақ еліне, үкіметке ешқандай өкпем жоқ. Керісінше, ризашылығымды білдіремін. Халқымнан айналайын, бірден төбесіне көтерді" , - деп ағынан жарылды Шұғыла Сапарғалиқызы.

 




Көрілген: 489    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.10.2019, 20:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30