"Сондай ауру...". Мейрамбек Бесбаев денсаулығы туралы айтты

12 тамыз 2022, 11:05

Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев денсаулығын тексерту үшін жылына шетелге екі рет барып тұратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Khabartv-ның Facebook парақшасында елімізде танымал өнер иесі Мейрамбек Бесбаевтың сұхбатының бір бөлігі жарияланды.

Мен жылына шетелде екі рет барып, міндетті түрде қаралып тұрамын. Өйткені зоб деген сондай ауру екен. Осы жолы да бардым. Әйтеуір бәрі жақсы, тамаша екен, уайымдайтын ешнәрсе жоқ. Бірақ күтім қажет,
— дейді Мейрамбек Бесбаев.

Осыдан кейін ол шетелдік және отандық медицина саласын салыстырып, өз пікірін айтты.

Амал жоқ емделіп-қаралуға шетелге барамыз. Бізде бәрі жаман демеймін, бірақ әлем әлдеқайда дамып кеткен. Ол жақта адамға қарау, ота жасату тәсілі мүлдем басқа. Біз әлі ескі жолмен жүрміз. Бізде палаталар да таза емес, неге ескі жерде жатуымыз керек?
— дейді әнші.
Бұрын әсем әндерімен, келісті келбетімен елдің аузында жүретін Мейрамбек Бесбаев бұған дейін артық салмағымен жұрттың талқысына түскен еді.

Экспресс К.