Өркениет

"Сөйлесуге шамам жоқ, ауырып жатырмын": Коронавирус жұқтырған депутат Бекболат Тілеухан қазіргі жағдайы туралы айтты

  • "Сөйлесуге шамам жоқ, ауырып жатырмын": Коронавирус жұқтырған депутат Бекболат Тілеухан қазіргі жағдайы туралы айтты

Мәжілісмен Бекболат Тілеухан ауруханада коронавируспен күресіп жатыр. Ол өзінің қазіргі жағдайы туралы айтып, шамасы жоқ екенін жеткізген, деп хабарлайды КТК арнасы.
Депутат 10 күн бұрын өзінің коронавирус індетін жұқтырғанын білген. Тест оң нәтиже көрсетіпті. Бастапқыда үй жағдайында ем алған Бекболат Тілеуханның жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға жатқызылған. Бұл туралы депутат телефон арқылы айты берді.

"Шүкір. Жақсы.Сөйлесуге шамам жоқ, айналайын. Дәрігерлер жауап берсін. Бәрі жақсы. Рақмет, жаным. Ауырып жатырмын", - дейді Бекболат Тілеухан.

Енді депутаттың жанында жүрген көмекшілері мен отбасы мүшелері жаппай тест тапсыруға көшкен. Қазірдің өзінде Тілеуханмен байланыста болған бес адамнан вирус анықталған көрінеді. Ал Мәжіліс үйіндегілер алаңдауға негіз жоқ деп отыр.

"Қазір Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханнан коронавирустық инфекция анықталып, ол қажетті емдеу курсын қабылдауда. Мәжіліс депутаты осыған дейін қашықтан жұмыс істеу режимінде болған. Бүгінгі таңда депутаттық корпустан да, аппарат қызметкерлерінен де аталған ауру белгілері анықталған жоқ, - дейді мәжілістің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Бекболат Тілеуханның коронавирус жұқтырғаны белгілі болған. 




Көрілген: 873    Пікірлер: 0

сенбі, 13.06.2020, 11:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31