Өркениет

Стендап-комик Нұрлан Сабуровтың кандидатурасы қала әкімі лауазымына ұсынылды

  • фото: ашық дереккөзден

    фото: ашық дереккөзден

Степногорск қаласының белсенді тұрғындары қала әкімі лауазымына танымал стендап-комик Нұрлан Сабуровтың кандидатурасын ұсынды деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

 

«Жеңіп шығатыныңызға сеніміміз мол. Сіз осы қаладан түлеп ұштыңыз. Қала тұрғындары Сізді жақсы көреді, Сіз де қаланы жақсы көресіз деп сенеміз», - дейді белсенді Айтшөкен Қожахметқызы.

 

Белсенділердің айтуынша, Степногорск қаласында қордаланған мәселе өте көп. Экология, құрылысы аяқсыз қалған көпқабатты үйлер, ТКШ және т.б.

 

«Қалаға тың көзқарастағы жаңа басшы керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, креативті индустрияға инвестиция тарту керек», - дейді қала белсенділері.

 

Еске сала кетейік, жақында Степногорск қаласының тұрғындары қаланы экологиялық апаттан қорғау үшін танымал стендап-комик Нұрлан Сабуровқа жүгінді.

 

«Біз шенеуніктерге деген сенімімізді жоғалттық, олар демонстрациялық алаңдаушылықтан басқа ештеңе көрсетпейді, біз ортақ үй - Степногорск қаласын қирататын бақытсыздықпен жалғыз қалдық. Сізден, Нұрлан Әлібекұлы, сіздің туған қалаңыз Степногорск қаласының қоршаған ортаның сыни жағдайына және жас ұрпақтың денсаулығына назар аударуыңызды сұраймыз», - дейді тұрғындар.

 

Танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров жерлестерінің үндеуін қолдап, жауап берді

 

«Біз - Степногорск тұрғындары ПХД-ға қарсымыз», - деп жазды ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.

 

 

 




Көрілген: 914    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.06.2021, 09:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31