Өркениет

Супермамаситаның үстінен іс қозғалды: Полиция тергеу барысы туралы айтты

  • instagram.com/super.mamasita

    instagram.com/super.mamasita

Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram парақшасындағы тікелей эфир кезінде Супермамасита лақап атымен танымал блогер Әлия Байтуғаеваның ісін тергеудің барысы туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов танымал блогер Әлия Байтуғаеваға (Супермамасита лақап атымен танымал) қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеді.

 

"Әлия Байтугаеваға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылмады. Азаматтардан ақша жинау фактілері тексерілуде. Жақында тексерулер аяқталады, біз тергеудің келесі кезеңіне өтеміз. Қылмыстық іс бойынша әзірге шешім қабылданған жоқ", - деді Әбдірахманов.

 

Еске салсақ, бұған дейін Алматы полициясы Әлия Байтуғаеваға әлеуметтік желі қолданушылары шағымданып жатқанын мәлімдеген еді. Қалалық полиция департаментіне азаматтардан алғашқы шағымдар 23 шілдеде келіп түсе бастаған.

 

"Блогердің тірлігінің ауқымы айтарлықтай: бізден көмек сұрап отырғандардың арасында тек Алматы мен Қазақстанның өзге аймақтарының тұрғындары ғана емес, ТМД елдерінің тұрғындары да бар", - деп атап өткен еді Рустам Әбдірахманов.

 

Кейін Әлия Байтуғаева өзіне тағылған айыптарға қатысты пікір білдірді.

 

 

 

 




Көрілген: 604    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.09.2021, 18:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31