Өркениет

"Табалауына ешкімнің құқығы жоқ!": Ләйлә Сұлтанқызы сотқа не үшін жүгінгенін түсіндірді

  • "Табалауына ешкімнің құқығы жоқ!": Ләйлә Сұлтанқызы сотқа не үшін жүгінгенін түсіндірді

Ләйлә Сұлтанқызы "Өз ойым" бағдарламасының төңірегінде шыққан дауға байланысты өзінің ар-намысын табалады деп айыптап, екі азаматты сотқа бергенін растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.



Күні кеше Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында оқырмандарына көптен бері сұрауы көп, бірақ жауабы болмай келген ақпаратпен бөлісті. 


"Әрқайсыларыңыз жеке тұлғасыздар. Қызметте жүргендер, өнерде, өмірде...кім болсаңыз да бастысы бір нәрсені ұмытпаңыз. Әр адам өз құқығын білу керек, қорғауы керек. Өміріңізге қатысты балағат, ауыр сөз айтып, жеке басыңызға өзге адам қол сұққанда, көбіне үнсіз қалып жататындарыңызды да білем. Бірақ, көбіне әр істің де, сөздің де сұрауы бар екенін, сұратуға заң бар екенін ескермейміз. Бұл жайлы елбасы да айтты, қалың жұрт та жақсы біледі",- деп көптен бері көкейінде жүрген мәселенің бетін ашты.


Сондай -ақ, КВН-ші Нұрболхан Шарапов пен тележүргізуші Бибігүл Дәулетбекқызын сотқа бергенін де раcтады.


"Менің белгілі бір тұлғаларға қатысты шағымданғаным рас. Осы уақытқа дейін кейбір адамдар шындықтың түбіне жетпей жатып, асыра сілтеп, жарыса сөйлегендер саралаусыз балағаттап, қаралап, қарғап жатты", -.дейді істің байыбына бармай қаралауға асыққан әріптестеріне ренжіген ол.  


"Қандай бағдарлама жүргізсем де, оған қатысқан адамдардың жеке пікіріне байланысты, жалпы бағдарлама жайлы кез келгеннің ой қосуына, пікір білдіруіне, наразы болуына құқығы бар! Кімді қолдайсыз, кімді қолдамайсыз ол да сіздің өз еркіңіз, құқығыңыз! 


Бірақ, менің жеке басыма өтіп, адамның ар-ұжданына тиіп, намысын табалауына ешкімнің құқығы жоқ! Сол себепті, ендігі кезек сот процессінде. Келесі постта адвокаттарымның ресми жауабымен бөлісемін", - деп өз ойын кесіп айтты. 


Естеріңізге сала кетейін, Ләйлә Сұлтанқызы танымал тележурналист пен әзілкешті сотқа бергендігі туралы адвокаты хабарлағанын айтқан болатынбыз. 


 

 




Көрілген: 953    Пікірлер: 0

жұма, 30.08.2019, 13:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30