Өркениет

Танымал актриса коронавирус жұқтырып алғанын мәлімдеді

  • https://liter.kz/

    https://liter.kz/

Танымал актриса Ольга Куриленко коронавирус жұқтырғанын растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

 

Бұл туралы актриса өзінің Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті.

 

"Үйде "коронавирус" диагнозымен оқшауланып отырмын. Бір аптаға жуық уақыт ауырып жатырмын. Дене қызуы мен әлсіздік менің негізгі белгілерім", - деді әртіс.

 

Куриленко барлық адамды сақ болуға және вирусты шынайы қабылдауға шақырды.

 

Айта кетсек, 40 жастағы актриса "Обливион", "Переводчики", "Париж, я люблю тебя", "Семь психопатов" сынды шетелдік туындылар арқасында танымал. Сонымен қатар ол Джеймс Бондтың фильмінде 007 агенттің рөлін сомдаған.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін Голливуд актері Том Хэнкс пен оның жұбайы Рита Уилсонның Австралияда жүргенде коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

 

Тексеріс нәтижесінде сынама оң нәтиже көрсеткен. Бұл туралы Хэнкс өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.

 

Актер барлық процедуралар мен ұсыныстарға сүйене отырып, COVID-19 инфекциясының белгілері жойылғанға дейін сыртқы ортадан оқшауланып, толық емделуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

 




Көрілген: 714    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 12:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30