Өркениет

"Тиіссе, аямаймын" Ақбота Керімбекова Гүлзира Айдарбековамен ұрысып қалғанын айтты

  • "Тиіссе, аямаймын" Ақбота Керімбекова Гүлзира Айдарбековамен ұрысып қалғанын айтты

 Гүлзира Айдарбекова мен Ақбота Керімбекова нені бөлісе алмай қалды? Бір кездері болмашы нәрсе үшін айқайға салынған олар бүгінде мұны күліп қана еске алады. Ақбота Керімбекова өзінің мінезі қырсық екенін, өзіне тиіскен адамды аяматынын айтып қалды.

Бұл туралы "Дастархан" бағдарламасында айтылды.

Керімбекова мен Айдарбекова Қайраттың кезекті концертіне байланысты ұрысып қалған.

"Концертте мен ән айтуым керек болған. Бірақ әнші, сазгер Ержан Серікбаевтың қайтыс болғаны туралы қаралы хабар келді. Сол жаққа көңіл айтуға аттандық. Арыс қаласында жаназада жүрсем, Гүлзира ханым хабарласты. Маған "қайда жүрсің?" деді. Мен жаназада екенімді айттым. "Кешке дейін тез қайт" деді. Мен "бармаймын" дедім. Сол қырсыққаннан концертке мүлде қатыспайтынымды айттым. Содан Гүлзира ханым менің барлық достарымнан өтініп, мені ән айтуға ақыры көндірген еді. Қазір мұны күліп қана еске аламыз", - деді әнші.

Керімбекова мінезінің ауыр екенін, ер мінезді екенін, өзіне тиіскен адамды аямайтынын айтады.

"Мен негізі ешкімге зияным жоқ адаммын. Сен тимесең, мен тиме. Бірақ маған тиісіп жатса, ешкімді де аямаймын. Ер мінездімін. Қырсықпын. Бір қырсықсам, қатайып қаламын", - дейді ол.

Алайда Керімбекова мен Айдарбекова ханым қазір тату. Бір-бірімен ұрысып та алады, ренжіседі де. Бірақ қашанда тілекші. Өнерде бір-бірін жақсы әріптес, әпке-сіңлі секілді өз адамындай көреді.

stan.kz




Көрілген: 723    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.05.2020, 20:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30