Өркениет

Ұлын Тұрсынбек Қабатовтың көлігі қағып өлтірген ана жанайқайын жеткізді

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Көлік қаққан марқұм 34 жастағы Ерлан Омарқұловтың анасы бір жылдан бері әділдікке қол жеткізе алмай жүргенін айтты. Әйелдің айтуынша, ұлын қағып өлтірген Lexus маркалы қара түсті көлік қазақстандық әзілкеш және КВН жұлдызы Тұрсынбек Қабатовқа тиесілі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Көкшетау Азия" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

 

Дәджан Омарқұлованың сөзінше, оқиға 2019 жылғы 13 қазанда кешкі сағат 21:00 шамасында "Теміртау-Нұра-Нұр-Сұлтан" тас жолында, Қарағанды облысындағы Нұра ауданының аймағында болған.

 

34 жастағы Ерлан Омарқұловты көлік қағып, ер адам оқиға орнында қаза тапқан. Кейін қаза тапқан ер адамның туыстары марқұмды қағып кеткен қара Lexus-тың қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа тиесілі екенін білген.

 

Марқұмның анасы көлік иесінің танымалдылығы іске әсер еткеніне сенімді. Оның үстіне, ол прокурорға жазған шағымында іс тіпті өрескел процессуалдық бұзушылықтармен тоқтатылғанын көрсетті.

 

Прокурордың атына жазылған шағымда әйел адам тергеуші жәбірленуші тараптың қатысуынсыз тергеу амалдарын жүргізгенін мәлімдеді.

 

Оның үстіне, ол прокуратураның келісімінсіз, қылмыстық істі тоқтату туралы шешімнің бекітілуін күтпестен, айғақтарды &ndash ұлының заттары мен аяқкиімдерін мерзімінен бұрын жойып жібергенін айтады.

 

 

Қылмыстық іс материалдары бойынша, жол-көлік оқиғасы кезінде Тұрсынбек Қабатовтың көлігін 25 жастағы жігіт басқарған, ол оқиғаға дейін жүргізуші куәлігінен айырылған болып шықты.

 

Жалғыз ұлынан айырылған Дәджан Омарқұлова неліктен көпшіліктің сүйікті өнер иесі әлі күнге дейін жазаға тартылмағанын түсінбейді.

 

Өйткені оның айтуынша, іс материалдарында Тұрсынбек Қабатов өз көлігін сеніп тапсырған адамның куәлігінен айырылғанын білген және автокөлік құралының иесі ретінде жауап беруі тиіс.

 

 

Әйел адамның айтуынша, ұлының жол апаты кезінде жолдан өтіп бара жатқаны туралы жүргізушінің айтқан сөзі шындыққа мүлдем сәйкес келмейді. Істі тоқтату туралы шешімде тергеуші жаяу жүргіншіні жол ережесін бұзды деп айыптаған.

 

Алайда әйел адам бұнымен мүлдем келіспейді. Марқұмның анасына өзіне ешкім жазбаша хабар бермегенін, ұлының заттарын алып кетуді айтпағанын жеткізді.

 

 

Осылайша, ол көлік құралы қағып кеткен кезде адамның тұрғанын немесе жүріп келе жатқанын анықтайтын аяқ киім бойынша сот сараптамасын жүргізу мүмкіндігінен айырғанын айтады.

 

Дәджан Омарқұлова көптеген жарақат пен дененің 66 метрге ұшып кеткенін ескере отырып, элиталық жол талғамайтын көліктің аса қатты жылдамдықпен қозғалғанын болжауға болатынын алға тартты.

 

Қазіргі уақытта прокуратура істі тергеуге Қарағанды облысының полиция департаментіне қайтарды.

 

Әйел адам құқық қорғау органдары ұлының қазасының барлық мән-жайларын адал және ар-ұжданмен тексереді және қылмыскерлер, олардың атағына қарамастан, жазаланады деп үміттенеді.

 

 

 




Көрілген: 1138    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.10.2020, 16:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30