Өркениет

"Үш айдан соң өз атын айтқанда көзіме жас келді" Кенжебек Жанәбілов құлағы естімейтін балаларға арналған мектебі жайлы...

  • "Үш айдан соң өз атын айтқанда көзіме жас келді" Кенжебек Жанәбілов құлағы естімейтін балаларға арналған мектебі жайлы...

Музарт тобының мүшесі Кенжебек Жанәбіловтың биыл топқа қабылданғанына 16 жыл толды. Музарт тобының 20 жылдық мерейтойын атап өту барысында әнші өнердегі, өмірдегі жеткен жетістіктерімен бөлісті. Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

- Музарт тобының 20 жылдығы құтты болсын!. Жалпы өзіңіз қай жылы топқа кірдіңіз?! Дәл қазір қандай сезімдесіз?!

- Үлкен рахмет. Мен Музарт тобына 2005 жылы, ақпан айының 14-і күні топқа қабылдандым. Одан бері қарай 16 жыл өтіпті. 16 жыл топқа еңбегім сіңді. Аллаға шүкір "Музарт" тобының арқасында қаншама ел көрдік, жер көрдік. Қаншама бауырлар, достар таптық. Оның ішінле айтар болсам, мен өз отбасымды құрдым. Көптеген жақсы дүниелер көрдім. Музартпен бірге көрген күндерім өте тамаша, керемет естеліктерге толы күндер деп айтар едім. 

- "Музарт" тобының экс.мүшесі Мақсат Базарбаймен байланысыңыз қалай?! Көпшілік ара-қатынастарыңыз дұрыс емес деп ойлайды екен.

- Жоқ, бәрі дұрыс. Ол кісі өз шығармашылығымен кетем деп топтан шыққан. Мен Музартқа келмей тұрған кездерде біздің ортамыз бір болатын Мақсат Базарбаймен, бір ортада ән айтып жүретінбіз. Сосын ол өзі бөлек кететін болған, кейіннен менің топқа қабылданатынымды есітіп, ол да қуанып мені құттықтаған. Әрине біреудің орнын біреу баса алмайды, оңай емес. Маған да, қасымдағы екі азаматқа да оңай болған жоқ. Әрі қарай алып кететін бағытымыз қалай болады екен, ел оны қабылдай ма екен деген сұрақтар болды. Атағы жер жаратын топқа өзгеріс еніп жатыр, болашағы қалай болады деген ойлар мазалады. Аллаға шүкір кейіннен Ескендір Хасанғалиев көкеміздің "Есіңе ал" деген әнін жаздық, менің топтағы алғашқы әнім еді. Әнді жазып болдық, ертесіне бүкіл базарларда, көшелерде, көліктерде таралып кеткенін есіткенде кәдімгідей қуандық. Бұл біз үшін екінші жолды ашқандай болды.

- Шоколад жарнамасы жайлы сұрамасам болмас. Қара пиар деп жатырсыз ғой, жоспар жүзеге асты ма?!

 - Негізі ол жерде арнайы жарнама жасаймын деп барып түскен жоқпын, жігіттермен моншаға демалуға барғанбыз. Сол жерде сыртта самауырынды алып, қардың үстіне жатып бір сурет жасай салдым. Соны салып көрейін дедім, салдым. Ол жерде адамдар енді көптеген пікірлер қалдырды. Жақсысы бар, жаманы бар дегендей. Кейіннен постты өшіріп тастадым. Енді былай қарағанда оның алдында да көптеген жарнамалар болды ғой дәл сол сурет белең алып, таралып кетеді деп ойлаған жоқпын. Болары болды енді, әркім өзінше ойлап жатыр.

- Құлағы естімейтін балаларға арналған мектебіңіз қазіргі таңда жұмыс істеп тұр ма?!

- Міне қараңызшы енді неге менің сол мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектебім жайлы бәрі жарыса жазбайды, әлеуметтік желіге салмайды. Бірақ әрине ешкімнің басына бермесін ондай жағдайды. Дегенменде ондай мүмкіндігі шектеулі құлағы естімейтін балалар бар. Ол нәрсе өз басымнан өткеннен кейін, қаншама ата-ананың мұңын, зарын көргеннен кейін, материалдық жағдайларының көтермейтіндігін көріп, сол жерде менің ойыма келіп, осындай балаларға арналған мектеп ашамын деп ниеттендім. Содан соң көптеген мамандармен келісіп, ақылдасып шешімге келдік. Енді маған көп ақыл айтқан адамдар болды, бұл мектептен қарағанда саған музыкалық мектеп ашқан оңай болады деген адамдар болды. Бұл мәселе қиын болады деді. Сенің мамандығың музыкалық бағытта, ойлан деп ағаларым, достарым айтты. Дегенмен мен осы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп ашқым келді. Қаланың қақ ортасынан зәулім сарай алып, бесінші қабаттан аштық. Бір жарым жылдай ата-аналар балаларын тегін алып келіп жүрді. Кейіннен індетке байланысты жабылып қалды. Бұйыртса енді ол мектепті үлкейтемін деген ойдамын. Қазіргі таңда бір жоба жасалып жатыр, сол жоба бітсе жұмысқа кірісемін. Түркістан облысынан дәл ортасынан ашу жоспарда бар, өйткені жан-жақтан келуге ыңғайлы болады. Енді ол менің асып-тасығанымнан жасайын деп жатқаным емес. Кішкене болсын халыққа көмегім тисе екен деген ниет. Әйтпесе неше түрлі әңгімелер айтылып жатады, көмек сұрап жатқан адамдардың санында шек жоқ. Олар ойлайды бізді ақшаны қырып тауып жүр деп. Ағайын-туыс, отбасымызды ойламайды. Оларға да қолымыздан келгенше көмектесеміз, оның бәрін жарияға жар салып айта бермейміз ғой. Сондықтан елдің алдында дұрыс нәрсе болсыншы, Алланың алдында жүзіміз жарық болсыншы деп осындай мектеп ашқан жайымыз бар. Алла сол балалардың дұғасын қабыл етіп, құлақтары ашылып, мүмкіндіктер туып, жазылып кеткенін тілейміз ғой әрқашан.

- Сол мектебіңізге келіп толығымен жазылып кеткен балалар болды ма?!

- Қазір оның бәрін айтсам сөз бітпейді. Сондықтан қысқаша айтып кетейін, ол жердегі мақсат құлағы естімейтін балаларға операция жасап, құлағына кішкентай аппарат орнатады. Сол аппарат арқылы естиді. Естігеннен кейін ата-ана міндетті түрде мамандармен де баласымен де барынша көп уақыт жұмыс жасауы керек. Егер айналыспаса бала сөйлеп кетуі қиын, себебі ол адаммен қарым-қатынас жасамаса не сөйлейді. Әр нәрсенің өз жолы бар. Мен баламды алты жарым жаста жасаттым, оның өзі кеш екен, үш жасқа дейін жасату керек оны. Себебі бала үш жастан кейін көп нәрсені қабылдайды екен. Үш жастан кейін бала естімесе оның миы ұйықтап қалады екен. Сосын оны дамыту қиын болады. Бізде де қиын болды, менде енді қаражат жағы қатты қиын болған жоқ, жетпесе де ағаларымнан қарызға сұрап болсын табамын ғой, Музарт деген атым бар. Ал қарапайым халық көпшілігі олай қаржы таба алмайды. Сол жағын көріп жүрегім ауырып кететін.

Мектептке бір қыз келді тоғыз жасында жасатты операцияны. Аты қателеспесем Іңкәр болатын. Анасына айттым мен қызыңызға 100% бірден сөйлеп кетеді деп айта алмаймын. Дегенмен алып келіңіз дедім. Біздің мамандар жақсы мамандар болған соң шығар, бір жағы Алладан сұрап жүремін өз балама не тілесем оларға да соны тілеймін.

Содан жаңағы қыз үш айдан соң барсам өз атын айтып, анасының әкесінің атын айтып қалыпты.Сол кезде қуаныштан көзіме жас келді. Анасы да қуанышын білдіріп, Кенжебек аға рахмет Алла разы болсын деп тілектерін айтты. Сол кезде қандай рахат сезім бойымды биледі, жүрегім жылып, тынышталып бұл істі босқа жасап жүрмегенімді түсіндім.
kaz.caravan.kz




Көрілген: 2685    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.03.2021, 22:54

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31