Өркениет

"Үш мәрте ұсынысын да қайтарып тастаған". Жұлдызды жұптар қалай танысқан?

  • "Үш мәрте ұсынысын да қайтарып тастаған". Жұлдызды жұптар қалай танысқан?

 Шоу-бизнестегі жұлдыздардың өмірі ел назарынан түспейді. Өнер әлемінде өз бақытын тауып жүргендері де жетерлік. Сахнада да, өмірде де жұптары жазылмайтын жұлдыздардың бас қосу хикаялары жайлы Tengrinews.kz тілшісі топтама жасады.


Қыдырәлі мен Қарақат


Өмірде де, өнерде де жұбы жазылмаған жандардың бірі - Қыдырәлі мен Қарақат. Қазір олардың төрт ұлы және бір қызы бар. Отандық арналардың бірінде Қарақат қалай танысқандарын айтып берген. Олар Қарақат консерваторияның бірінші курсына түскен кезде танысқан. Сол кезде Қарақаттың жасы 18-де болған. Қыдырәлі сол кездегі "АБК" тобымен бірге жерлестерінің мерейтойында өнер көрсетуге келген. Қарақат та домбырамен ән салуға шақырылған. "Бірінші желтоқсан болатын. Бір кезде тойдың ортасына қарай асаба "Қазақ эстрадасының жұлдыздары "АБК" тобы бізде қонақта!" деген кезде, барлық қонақ орындарынан тұрып, қол соқты. Сөйтіп ол жігіттерді маған қарама-қарсы орындыққа отырғызды. Теледидардан клиптерін көріп, әндерін тыңдап жүрген соң, жұлдыз ағаларыма жақсылап қарай қояйын десем, Қыдекеңмен жанарымыз түйісіп қала береді. Мен ұялып қаламын да, қайтадан жанарымды төмен түсіріп отырамын. Сәл уақыттан кейін қайтадан қарайын десем, екеуміздің көзқарасымыз тағы да түйісіп қалады. Енді ұяла бастадым", - дейді Қарақат.


Артынша Қыдырәлі Қарақаттың өнеріне мақтау сөздер айтып, үйіне шығарып салуды ұсынған. Үш жылдан асып, төртінші жылға аяқ басқанда Қыдырәлі Көктөбеде үйлену туралы ұсыныс жасаған. "Қақат" деді. "Мен шешім қабылдадым. Менің өмірлік серігім бола алатыныңа көзім жетті. Оған біздің таныс болған үш жыл өміріміз куә. Сондықтан екеуміз үйленеміз", - деді. Ол "Үйленейікші, а?", "Ойланасың ба?" деген емес. "Үйленеміз" деді. Яғни, ол ер-азамат ретінде өзі шешім шығарды", - дейді Қарақат.



Нұржан мен Назерке Керменбаевтар


Нұржан Керменбаевтың айтуынша, ол жарымен Тараз қаласындағы жеке концертінде танысқан. Болашақ жарына қол жеткізу кезінде талай қиындыққа ұшыраған. Себебі сол концерт болатын күні жол апатына ұшыраған. "Сол күні жол апатына түскенімнің бір қайыры, болашақ жарыммен таныстым", - дейді Нұржан. Назерке Нұржанның жанкүйері болған. 18 ақпан Нұржанның туған күні екен деп ойлап қалған Назерке сыйлық іздеуге кіріскен. Сол сыйлығын концертке арнайы алып барған. Артынша Нұржанның парақшасына қалдырған пікірін Нұржан байқап қалып қыздың парақшасына кірген. Сөйтіп екі-үш айдың көлемінде Назеркені кездесуге шақырған. Бір қызығы алғашқы кездесуден кейін бірден анасымен таныстырған. Нұржан жарымен бар-жоғы үш рет кездескен. Сөйтіп төртінші кездесу Назеркенің ұзатуы болған.


Бүркіт пен Аиша


Бүркіт пен Аишаның махаббат оқиғалары ерекше. Бүркіт Аишамен туған күн кешінде танысқан. Ол кезде Айбектің басқа сүйіктісі болған. Аишаны бірден ұнатқан Айбек оған үш мәрте үйлену туралы ұсыныс жасаған. Алайда Аиша үшеуінен де бас тартып, артынан өзі үйленейік деп ұсыныс жасаған.


Салтанат Бақаева мен Нұржан Жүсіпов


Салтанаттың жары Нұржанның өнерге қатысы жоқ. Ол - жеке кәсіпкер. Екі түрлі мамандықтың иелерін таныстырған Нұржанның туған әпкесі екен. Салтанат әншіліктен бөлек театр әлемінде де өзіндік орны бар. Театр актрисасы Дария Жүсіпова оны бірден ұнатып қалған. Сөйтіп түскі асқа шақырған. "Мүмкін бір інісіне қыз қарап жүрген кезі болар. Түскі асқа үйіне шақырды. Ол кезде басым бос, көбіне асханалардан тамақ ішетінбіз. Қуана келістім. Мен ол үйге кіргенімде, бір күні осы үйге келін болып келетінімді білмедім. Сондай бір қызық жағдай болды", - дейді Салтанат сұхбаттарының бірінде. Сол күні екеуі танысқан. Алайда Нұржан Салтанатқа хабарласуға асықпаған. Тек бір ай өткеннен кейін ғана хабарласып, жаңа жыл қарсаңында кездесуге шақырған.



Жанболат пен Жазира


Қос ғашық өздері білім алып жүрген оқу орнының қабырғасында танысқан. Жазира Жанболаттан бір курс төмен оқыған. Екеуі бір жатақханада тұрған.





Мирас пен Құралай


Мирас пен Құралай да консерваторияда білім алып жүрген кездерінде танысқан. Құралай - шығыстың қызы, Мирас - батыстың жігіті. Құралай ол кезде неке қию сарайында ән айтып, жұмыс істеп жүрген. Сөйтіп оның басшылары Құралайға оның даусын сүйемелдейтін ер адамман айтқан дұрыс деген. Ұзақ ізденістен кейін, Мирасқа бірге ән айтуға ұсыныс жасаған. "Біраз солай жұмыс істеп жүріп, екеуміз танысып білісіп кеттік", - дейді Мирас.



Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуәлиева


Жұлдызды жұп 6-7 жыл кездесіп қана шаңырақ құрған. Тоқтар Бейбітті "Нұр-Мұқасан" тобының концертінде көріп, оның даусына тәнті болған. Артынан тек дос ретінде араласқан. Себебі ағалап жүрген қызға Тоқтардың сезім білдіруі қиынға соққан екен. 6-7 жыл бойы ағалы-қарындас болып жүріп, бір-біріне ілтипат танытқан.






Арман мен Аша


Арман мен Аша отандық арналардың бірінде болған "сынақ" бағдарламасында танысқан. Ара-қатынастарын біраз уақыт жасырын ұстап, 2015 жылы жұлдызды жұп шаңырақ көтерген. Арман Ашаға кинотеатр залында ұсыныс жасаған. Кино алдында 3-4 минуттық роликте Арман сезімін білдірген. Артынша гүл шоқтарын алып, кинотеатрға кіріп келген.


Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукаримова


10 жылға жуық уақыт отбасы туралы мәліметті жасырып келген Қайрат Нұртас жарымен 2004 жылы Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінде танысқан. Қайрат - вокал, Жұлдыз - актерлік шеберлік бөлімінде білім алған. Бір-бірін сырттай біліп жүргенімен, жақын араласпаған. Жұлдыз жазбаларының бірінде Қайратпен қалай танысқанын жазған. "Қазан айының шуақты күнінде, асxанада, түскі асқа келгенде Қайратты жоғарғы курстың бірі (өздерінің системасы бойынша) қасыққа жұмсағанын құлағым шалып қалды. Атып тұрдым да, Қайраттан бұрын қасық тұрған ыдысқа жетіп барып, қайта бұрылып: "Өзім апарып беремін" дедім де оған, жымиып кете бардым. Қайрекең сол арада "сылқ" ете түсті. Құдды үнді киносындағыдай болды. Алғашқы кездесуімізде ол сол кезде мені үнді актирсаларының біріне ұқсатқанын жасырмады. Таныстығымыз осылай басталып еді", - деп жазды Жұлдыз.



Сәкен Майғазиев пен Динара Асылханқызы


Шаңырақ құрғандары 20 жылдам астам уақыт болған. Сұхбаттарының бірінде Сәкен жарымен танысқан кезде бірінші көзіне, сосын өзіне ғашық болғанын айтқан. Алайда Динара Сәкеннің сезіміне бір айдай келісімін бермей жүрген. Жарының айтуынша, ол Сәкенге қарайтын қыздар көп болғандықтан іштей қорқып жүрген екен.



Tengrinews.kz

 


 




Көрілген: 1621    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.08.2019, 19:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30