Өркениет

"Ұяттан өртендім": Димаштың көмекшісі Нью-Йорктегі кештен алған әсерімен бөлісті (фото)

  • Фото: instagram.com/nazym_zhangazinova

    Фото: instagram.com/nazym_zhangazinova

Димаш Құдайбергеннің Нью-Йоркте болған жеке ән кеші аншлагпен өтті. Тіпті залда ине шаншар орын болмаған. Осы орайда өнерпаздың көмекшісі концерттен алған әсерімен бөлісті. Айтуынша, ол ұлттық құндылықтарды бағаламайтын қазақтар үшін ұялған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайбергеннің көмекшісі Назым Жанғази өзінің эмоциясын Instagram желісіндегі жеке парақшасы арқылы білдірген.

Назым жазбасын концерттен кейінгі таңда мүлдем басқа адам болып ояндым деп бастаған.

Әншінің көмекшісі қазақ халқының қызы болғаны үшін өзін мақтаныш сезімі кернегенін, бұған дейін тек мақтан еткенін айтты.

"Бірақ та, осы сезіммен әлемнің ең алып, ең керемет қалаларының бірінде бола отырып, бүгін өз елімді қатты сағындым.
Шынымды айтсам, осыған дейін жер көлемі бойынша 9-шы орындағы, жер асты пайдалы қазбаларға өте бай, тарихы да, тағылымы да мол болса да менің осындай елімді ешкім білмейтіндігі үшін менде азырақ болса да комплекс болды.
Қазақтардың өскелең ұрпағы халық әндерін білмей, тыңдамайтынымызға ұялатынмын. Өйткені олар кімге керек еді?
Бірақ өткен кеште біз, қазақтар өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды қаншалықты бағаламайтынымызды түсіндім. Америкада 15 мыңнан астам адам Димашпен бірге біздің халық әніміз Дайдидауды айтқан сәтте мен жоғарыда жазылғандар үшін ұяттан өртеніп, жыладым", - деді Назым Жанғази.

Назымның сөзінше, Димаш қазақтың халық әндерін әлем жұрты болып жатқа айтуды бала күнінен армандаған.

Еске сала кетсек, 10 желтоқсанда Нью-Йорктің "Барклайс центр" аренасында әлемді мойындатқан Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті өтті. Әншінің дауысын есту үшін әлемнің 54 елінен тыңдарман келген.

 




Көрілген: 11660    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.12.2019, 17:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30