Зейнетке шыққан Досымжан Таңатаров жаңа қызметке тағайындалды
Әнші Досымжан Таңатаров Жастар театры директорының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.
«Жастар театры директорының шығармашылық құрам жөніндегі орынбасары қызметіне Досымжан Қарпықұлы Таңатаров тағайындалды», &ndash делінген хабарламада.
Әнші жаңа жұмысқа кірісіп кеткенін де жасырмады.
«Биссмиллах деп жұмысты бастап кеттік. Жылы сөздеріңізге, сын пікірлеріңізге, сенім білдіріп, қолдау көрсеткендеріңізге көп рахмет», &ndash деп жазды ол  Instagram-да.
Досымжан Таңатаров президент оркестрінде 20 жыл қызмет етіп, майор шенімен зейнетке шыққан.