Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Айғайды емес, ақылды серік етейік!

07 мамыр 2011, 12:02

Соңғы кезде кейбір басылым беттерінде 23 ақпан, яғни Совет (Кеңес емес) Армиясы мен Әскери Теңіз Флоты күнін атап өту немесе өтпеу тақырыбында әртүрлі ойлар ортаға түсіп, кішігірім талас-тартыстар жүріп жатқан сияқты. Шынымды айтсам, алғашында екі қалаулының арасында болған ой қақтығысына назар аударған жоқ едім. Кейін, аталмыш мәселе газет беттерінде қызу талқылауға түсе бастаған кезде, еріктен тыс көңіл бөлуге тура келді. Бір байқағаным, әлгі мерекені ұмытпауды қолдағандардың көбі ресми тілділер екен. Екі жақтың пікіріне де түсіністікпен қарағанмен, осы тұрғыда мен де өз ойымды білдіріп кетсем деймін.
Менің марқұм әкем Совет Ар­мия­сы (Кеңес армиясы деген жаңа атауды құла­ғыма сіңіре алмадым, ренжімеңіз­дер) қатарында Ұлы Отан соғысының басынан аяғына дейін белсене қаты­сып, төрт жыл бойы қанын төгіп, терін ағы­зып, қатал қырғын ортасында жү­ріп, Венгриядағы шайқастың бірінде ауыр жараланған соң ғана  елге оралды. Мүмкін, менің ойлау қабілетім дәл осы жерде баяу қимылдап жатқан шығар... Онда маған асқан шыдамдылықпен түсін­ді­ріңіз­дерші, мен сонда қар жастанып, мұз төсеніп, қауіпке басын тігіп, жаула­рымен жан аямай айқасқан марқұм әкем­нің соғыс кезіндегі әрекетін қалай бағалауым керек? Ол баскесер армия­ның баукеспе жауынгері ме, жоқ әлде, неміс фашистерінің «адамгершілік мақ­­саттағы азат ету соғысына» ақы­мақ­­тық­пен кедергі жасаған мил­лион­даған («санасыз») солдаттың бірі ме? Егер ол шынында да Отан қорғау­шы болса, онда ол ғұмырының соңына дейін адал қызмет еткен (ескі, аты басқа, бұрынғы) Отаннан неге жиірке­нуіміз керек?! Егер біз Совет үкіметін өз уақы­тындағы заң­ды үкімет деп есеп­тейтін болсақ, онда әлгі үкіметтің (хал­қымыздың, Отаны­мыз­дың) тынышты­ғын қорғаған а­р­мия­ның абыройын жоққа шығару қан­шалықты ақылға сыяды? Жақсы бол­сын, жаман болсын, ол бәріміздің ор­тақ тарихымыз емес пе?! Болашақ жос­пары­мызға алдын ала өзгеріс енгізуге бола­­ды, ал тарих біздің дегенімізге жүр­­мейді. Ол – сізге ұнаса да, ұнамаса да, өткен шақ. Иә, Совет Армиясы рево­лю­ция кезінде азын-аулақ бас көтеру жасаған қазақ көтерілісшілеріне қарсы шайқас­тар жүргізді. Бірақ Октябрь революция­сы кезінде (Қызыл) Советтік Армия­ның қолы­нан ресейлік­тер де аз қырыл­ған жоқ қой. Бірақ бұл үшін 23 ақпанды «иттің еті­нен бе­тер жек көріп жатқан» орыс хал­қын көр­ме­дім. Менің өзім де 1984-86 жыл­да­ры Совет (тағы да айтамын, Кеңес емес) Армиясы қатарында арна­йы бөлімде қызмет еттім. Әскер қата­рында болғаныма, Совет халқының (оның ішінде қазақ­стан­дық­тардың да) «ұйқысын кірпік қақпай қорғағаныма» бір сәт те өкінген емеспін, өкінбеймін де. Мен ол кезде өз Отанымды, совет халқының тыныш­ты­ғын қорғап жүрдім деп есептедім, соған сендім. Кез келген жауынгер сия­қты, өзіме тапсырыл­ған ең ауыр, ең қауіпті тапсырманы орын­дау­ға да­йын тұрдым. Бұл адасу емес, бұл – заң­дылық. Бәрі солай болуға тиіс те. Ақыл-есі дұрыс жауынгер – армияға, ал ар­мия өз кезегінде Отанға адал болуы керек. Басқаша болуы мүмкін де емес. Әкемнің қаны мен тері тө­гілген Ұлы Отан соғысын мен неге ұмы­туым керек?! Ал сол жылдары көз­деріне қан тол­ған фашистердің жолын кес­кен айбынды (Қызыл, Советтік) Армия­ның мерекесі болып табылатын 23 ақпанды санамыздан неге өшіріп тас­тауы­мыз керек?! Совет Одағының бұрынғы сол­да­ты ретінде аталмыш датаны неге және қандай мақсатпен құрбандыққа шалмақпын?! Келі­се­мін, қазір ол мей­рамға Ресей армиясы мұрагер болып шықты. Бірақ біз оған неге соншама даурығып, шамданамыз? Бірнеше ондаған жыл бойы ортақ ел­де өмір сүрген 15 республиканың халқы ортақ жадын оңайшылықпен өшіре алмасы хақ. Меніңше, адамдар ара­сын­дағы бей­ресми ілтипаттарға соншама назар ауда­рып, оған шектеу­лер қоюға тырысу ар­тық сияқты. Жұрт­қа күлкі боламыз. Кейде өзге ұлт­тың кеудесін басып, өзімізді ұлы қылып көрсеткіміз келеді. Мұның бәрі жақсы қасиет емес, бұл – біздің әлсіздігіміз, бұл – бойымыздан тезі­рек арылуды қажет ететін үлкен кемшілік. Біз 23 ақпан­дағы мере­кені аяққа таптау арқылы 7 мамыр­дағы мейрамды көк­ке көтере алмаймыз.
 Айтпақшы, Елбасымыз жақында ғана бұл туралы өз пікірін білдірді. Ол кісі әйелдер қауымына «бұдан былай жігіттерді 23 ақпанда емес, 7 мамырда құттықта­ңыз­дар» деп патриоттық үн тас­тады. Қазақ­стандық армияның абы­­рой-беделін көтеру үшін бұл шақырудың маңызды екені анық. Атал­мыш күнді нағыз мейрамға айнал­ды­руға бәріміз белсене атсалысатын уақыт та жетті. Құттықтайық, құттықта­сайық, құт­тық­талайық! Бірақ (біз сияқ­ты) бұрынғы «совет­тік жауынгер­лер» бейресми түрде анда-санда (ақпанның аяғына таман, жы­лына бір рет) бір-біріне мерекелік тілек ай­тып жатса, одан тәуелсіз еліміздің қауіп­сіз­дігі шытынай қоймас деп ойлаймын.