Одан асыл табылмас!

Арулар айналыспаған іс қалмады

  • Арулар айналыспаған іс қалмады

    Арулар айналыспаған іс қалмады

Бүгінде спорт саласында әйелдер еркектерден қалысар емес. Ал кейбір спорт түрлерінен әйелдер еркектермен бірге сайысқа түсе бастады. Мысалы, шахматтан венгр қыздары, апалы-сіңлілі Полгарлар бірнеше жылдан бері 64 тор көзді тақта үстінде еркектермен бірге сайысқа түсуде. Юдит Полгар тіпті, «арманы – еркектер арасында Әлем чемпионы болу» екенін де жасырмай мәлімдеген. Еркектерден қалыспай ұшар басын қар мен мұз басқан әлемдегі ең биік шыңдарға өрмелеп жүрген әйелдер де баршылық. Әрі олар көп те.


* * *

Спорттық жарыстардың төресі Олимпиада ойындары екені баршаға мәлім. Осы спорттық жарыстар Меккесі болып саналатын Олимпиада ойындарында әйелдер алғаш рет 1940 жылы қатыстырылған болатын. Десек те, біраз уақыт «әйелдер арасындағы емес спорт» деген ұғым қатаң сақталып келді. Бұл шектеу 1984 жылғы Олимпиада ойындары бағдарламасына марафон (жеңіл атлетикадағы) енгізілгенге дейін күшін жоймай келген. Содан бері әйелдер үшін «ақ түйенің қарны жарылды».


* * *

Қазіргі кезде корридаға қатысып, жойқын күшті бұқалармен «айқасып» жүрген әйелдер де баршылық. 1997 жылы Еуропада ең алғашқы әйел матадор пайда болған. 24 жасында алғаш рет коррида алаңына шыққан испан қызы Кристина Санчестің жолын қуғандар саны жыл сайын артып келеді.


* * *

Ал қысқы спорт түрлерінен Ақ Олимпиада бағдарламасына тек шаңғымен тұғырдан секіруден және қоссайыстан (мұндағы екі сайыстың бірі – шаңғымен тұғырдан секіру) ғана қыз-келіншектер бәсекесі өтпейді. Алайда осыдан 4-5 жыл бұрын шаңғымен тұғырдан секіру әйелдер арасында да дамытыла бастады. Алайда Турин Олимпиадасы алдында Еуропада жаттығу өткізіп жүрген шетелдік спортшы қыз тұғырдан секіріп, жарақаттанып қалды. Әуеде қалықтап ұшқан бетте, ауада өзін-өзі ұстай алмай қалған қызды жел айдап әкетіп, биік-биік арша ағаштарының үстіне «аударып» тастайды. Осы оқиғадан соң, қыздардың шаңғымен тұғырдан секірулері бәсеңсіп қалды, тіпті естілмей де кетті.


* * *

Ең қызығы, әйелдер спортпен үздіксіз айналысып, үлкен мақсаттарға қол жеткізу барысында едәуір өзгереді екен. Психологиялық тұрғыда олардың мінез-құлықтары еркектердікіне жақындап, ұстамды һәм байсалды бола бастайтын көрінеді. Ал әйелдерге тән эмоциялық қылықтары мүлдем жоғалып кетпесе де, соған жетеқабыл күйде болады. Бұл тұрғыда ғалымдар спортшы әйелдердің ағзаларында үздіксіз жаттығулардың салдарынан гормональды өзгеріс болатынын дәлелдеп те жүр. Бірақ еркектерге қарағанда әйелдердің рекордтары мен көрсеткіштері біршама төмен. Бұл – жалпы биологиялық заңдылыққа байланысты құбылыс. Өйткені табиғаттың жаратылысынан олардың бұлшық еттері еркектердікінен шағындау, күш-қуаттары аздау, тіпті орта есеппен алғанда бойлары да аласалау болады.




Көрілген: 4329    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.03.2010, 14:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30