Дәрігер кеңесі; Пневмония қандай ауру?

Дәрігер кеңесі; Пневмония қандай ауру?

Коронавируспен бірге пневмония дерті де қатер төндіріп тұр. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой екінші шілде күні өткен баспасөз мәслихатында жыл басынан бері 1772 адам пневмониядан қайтыс болса, соның 628-і маусым айында көз жұмғанын айтты. Министрдің дерегінше, биыл маусым айында пневмонияға шалдыққан 32 724 науқас тіркелген. Өткен жылы нақ осы айда небәрі 7964 пациент болған. Демек биыл пневмонияға шалдыққандардың саны төрт есе өскен екен. Қалай десек те, бұл ауру Қазақстанда басқаша сипат алды. Сондықтан пневмония дертінің өршіп кетусебебіне үңіліп көрдік. Пневмония &ndash екі өкпенің не біреуінің қабынуы. Көбіне бұл дерт қыс немесе жаз айларында пайда болып, суық тиюден немесе тыныс алу жолдарының басқа инфекциясынан кейін қозуы мүмкін. Пневмония көп жағдайда бронхит, тұмау, демікпе секілді тыныс ауруларынан кейін пайда болады. Әдетте ол 5-7 күннен кейін пайдабола бастайды. Егер белгілері басталған соң 2-3 күннен кейін күшейе берсе, дереу дәрігерге қаралған дұрыс. Белгілері: жоғары денеқызу (39-40), жөтел, ентігу, кеудедегі ауырсыну, тәбеттің жоғалуы. Пневмонияның өршуіне коронавирустың қатысы бар ма? Жақында дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда тарап жатқан «белгісіз» пневмония коронавирус болуы мүмкін екенін айтты. ДДСҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының атқарушы директоры Майкл Райан Женевада өткен онлайн брифингте «бұған дұрыс диагноз қойылмаған» деді. Ол ДДСҰ бұл мәселені егжейтегжейлі зерделеу үшін Қазақстан билігімен жұмыс істеп жатқанын айтты. Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бірінші тамыздан бастап коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетінін айтты. &ndash Коронавирус жағдайларының жалпы статистикалық есебінен бөлек пневмонияға да назар аудару қажет. Деректердің барынша ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі статистикалық деректерді есепке алу мен қалыптастырудың жаңа тәсілдерін біріктірді. ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросымен жүргізілген консультацияларды ескере отырып, біз COVID-19 жағдайларын есепке алу үшін жаңа кодтауға көшу туралы шешім қабылдадық. Осылайша, COVID-19 зертханалық расталған жағдайлары ПТР тестілеуі теріс нәтиже көрсеткен, бірақ коронавирустың клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар пневмония жағдайларымен біріктіріледі, &ndash деді министр. Мыңжылқы Бердіқожаев қазіргі пневмония көп жағдайда вирусты инфекциядан болған ауру екенін айтады. Сондықтан оны атипті пневмония деп толық сеніммен айтуға болады. Яғни елімізде осы атипті пневмонияны жаңа коронавирус инфекциясы тудырып отыр деп есептейді. «Маусым айының басынан бері вирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Егер 100 мың адам ауырса, оның 5-10 пай- ызы ауыр пневмониямен ауырады. Оларды міндетті түрде ауруханаға жатқызу қажет. Сондықтан пневмонияның өршуі тікелей коронавируспен байланысты», &ndash дейді Алматы қаласының орталық клиникалық ауруханасының бас нейрохирургі Мыңжылқы Бердіқожаев. Дәрігердің айтуынша, коронавирустан пайда болған пневмонияның әдеттегі классикалық пневмониядан айырмашылығы бар. &ndash Компьютерлік томография көрсеткендей, бұл пневмония микроб түсіп қабыну емес, өкпе тіндерінің зақымдануына ұқсайды. Ғылымда бұл құбылысты вирустық васкулит деп атайды, &ndash дейді маман. Бұл коронавирустың ең ауыр формасы саналады. Артерия мен қан тамырларын зақымдағандықтан, жүрек пен ми, бүйрек пен асқазан жұмысында қиындық болады екен. Бір қызығы, пневмониямен түскен науқастардан COVID-19 анықталмаған. Егер науқастан коронавирус табылмаса, пневмония қалайша күшейіп кетті? ПТР тест алынған науқастардың бәрінен бірдей неге коронавирус шықпайтынын еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова былай түсіндірді: &ndash Соңғы кезде пневмониямен түсетін науқастардың тесті теріс нәтиже көрсетіп жатыр. Ондай болады. Себебі коронавирус инфекциясы жоғарғы тыныс алу жолдарынан төменгі тыныс алу жолдарына түседі. Осы кезде ПТР тест оң нәтиже көрсетпеуі мүмкін. Демек, коронавирус өкпеге өтіп кетсе, жұтқыншақтан шықпауы мүмкін. ПТР тесті теріс нәтижені көрсетсе де, адам ағзасында коронавирус инфекциясы болады екен. Кей ғалымдар COVID-19 пневмония емес, көп жүйелі ауру екенін айтады. Коронавирус адамның тыныс алу жүйесіне ғана емес, көптеген ішкі мүшеге де әсер етеді екен. Колумбия университетінің ғалымдары бұл дерттің өкпеден тыс адам ағзасындағы асқынуларға алғашқы ғылыми шолу жасапты. Деректер вирустың көп бөлімге, оның ішінде жүрекке, бүйрекке және орталық жүйке жүйесіне әсер ететінін көрсеткен. Жүрек-қан тамырлары жүйесіндегі COVID19-дың негізгі көріністерінің бірі &ndash қан тамырларының астындағы жасушаларға вирустың шабуылынан туындайтын қанның ұюы. Бұл әсер қабынуды күшейтеді, қан ұйи бастайды және сол арқылы көптеген органның жұмысын бұзады. Сондай-ақ қабыну иммундық жүйені шамадан тыс қоздырып, көптеген патологиялық процесс басталады. Емдеу шаралары қалай жүруі керек? Коронавирус кезінде тұмау секілді 5-7 күнде дене қызуы түседі. Дәрігердің сөзінше, мүмкіндігінше сұйықтықты көбірек ішіп, дұрыс тамақтанып әрі уақтылы ұйықтау қажет. Егер дене қызуы 38-ден жоғары болса, Парацетамол, Антигриппин секілді дәрілерді ішкен жөн. Яғни дене қызуын түсіріп отырса ғана, шамамен 85-90 пайызы емделуі мүмкін. Ал қалған 10-15 пайызы орташа немесе ауыр пневмониямен өтуі мүмкін. Ондайда адам ентігіп, дем жетпей қалады. Әдетте бұл асқыну бесінші, алтыншы күндері пайда болады. Мұндай жағдайда науқас дереу ауруханаға жатқызылып, жасанды тыныс алу аппаратына жалғануы керек. Сонымен қатар қабынуға қарсы қанды сұйылтатын дәрілер арқылы емделеді. Коронавирустық пневмония кезінде ешқандай антибиотик көмектеспейді. Үй жағдайында жеңіл немесе орташа дәрежедегі пневмонияға антибиотик тағайындаудың еш қажеті жоқ. Қант диабеті бар қарт адамдарға дәрігер арнайы көрсеткіштер бойынша азитромицин, цефтриаксон секілді дәрілерді тағайындап жатқанын естідік. Басқа жағдайларда меропенем, левофлоксацин секілді дәрілерді тағайындау дұрыс емес. Өйткені бұлар резерв тобындағы дәрілер болып саналады. Егер науқас жан сақтау бөліміне дейін жетсе, онда резерв тобындағы дәрілер тағайындалуы керек. Ал егер жан сақтау бөліміне түспей тұрып ол антибиотиктерді алсаңыз, онда сізді емдейтін дәрілер тобы қалмайды, &ndash дейді дәрігер Бердіқожаев. Дәрігердің айтуынша, бұл дертке көбіне орта жастағылар мен үлкен кісілер көп шалдығады. Оны соңғы жағдайлар көрсетіп те отыр. Негізінен 65 жастан асқан, қант диабеті бар, қан қысымы бар қарт адамдарға қиын. Сонымен қатар, темекі шегетіндердің де пневмониямен ауыру қаупі жоғары. Өйткені олардың тыныс жолдарының шырышты қабаты жұқарып, бронхопульмоналды жүйенің қорғаныш реакциялары әлсірейді екен. Темекі шегу респираторлық инфекцияға қарсы өкпенің табиғи қорғанысын зақымдайды. &ndash Жалпы коронавирустың емі &ndash ағзаның вируспен күресуіне жағдай жасау. Жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішіп, иммунитетті күшейту керек. Міндетті түрде тамырға салдыруым керек деген ойдан арылған жөн. Себебі өкпе пневмониясы кезінде қан тамырға түскен әр миллилитр өкпенің ісініп кетуіне әкелуі мүмкін. Тек дәрігердің бақылауымен ғана қантамырішілік инфузия жасалуы қажет, &ndash дейді Мыңжылқы Бердіқожаев. Өкпені қалай күту керек? Көп адам жазда суға, бассейнге шомылады, күннің ыстығына шыдамай суық су ішеді, қатты терлегенде желдеткіштің жанына отырады, ұзақ уақыт салқын жерде жатып қалады. Міне, осы кезде байқатпай өкпе қабынады. Дәрігерлердің айтуынша, көп адам ауырғанда емес, ауру әбден асқынғанда ғана дәрігерге келеді. Соның кесірінен емдеу процесі ұзақ жүреді, кей жағдайда науқас көз жұмып кетуі мүмкін екен. Өкпе қабынуы кезінде синтетикалық дәрумендерге әуестенбей, дұрыс тамақтану қажет. Сонымен қатар уақтылы ұйқы да өте маңызды. Оны да естен шығармаған жөн. Салауатты өмір салтын ұстану да көп дерттің алдын алады. Таза ауада көп жүру, дене жаттығуыларын жасау, жиі қозғалыста болу, жүгіру керек. Осы үштіктің тепе-теңдігін сақтағанда адам денсаулығы мықты болады. Соңғы жаңалықтарға қарасақ, қазір көбі емханаға барып емделуге қорқады. Себебі ауруханада адам көп, дәрі-дәрмек тапшы және мамандар аз. Сәйкесінше барлық науқасқа жақсы күтім жасалмауы да мүмкін. Сондықтан үй жағдайында емделген тиімдірек болып отыр. Пневмонияның ең қауіпті түрі &ndash вирустық пневмония. Егер емдеу шаралары уақытында жүзеге асырылса әрі науқастың созылмалы аурулары болмаса, көп жағдайда адамды аман алып қалуға болады екен. Ең бастысы &ndash аурудың себебін анықтап, дер кезінде емдеу. Уақытында басталған ем асқынудың алдын алады. Адам дәріге ғана сенім артпай, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, аурудың алдын алу үшін тыныс алу жаттығуларын жасаған жөн. Егер науқас адам оны тұрақты жасаса, өкпе жұмысы жақсарады әрі жиналған қақырық жоғалады.

Жандарбек Болатбекұлы

«Ақ желкен» журналы, №7 Шілде, 2020

kazgazeta.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста