Дәрігер кеңесі

Қазақстанда балаларға Pfizer вакцинаcын салу қарастырылуда

  • Қазақстанда балаларға Pfizer вакцинаcын салу қарастырылуда

    Қазақстанда балаларға Pfizer вакцинаcын салу қарастырылуда

Қазақстанда Pfizer вакцинасын 12 жас пен 18 жас аралығындағы балаларға салу қарастырылып жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгінде әлемде қолданылатын барлық вакцина 18 жасқа дейінгі балаларға егілмейді. Әйтсе де Pfizer вакцинасы 12 жастан асқан балаларға салынуда. Сондықтан біз қазіргі таңда балаларға вакцина салу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Өйткені Қазақстанда 12 мен 18 жасқа дейінгі балалардың саны –  шамамен екі миллион. Бұл аз емес. Оның үстіне елде үнді штамы таралып, соңғы уақытта балалар вирусты жиі жұқтырып жатыр. Енді біздің алдымызда ересектерді ғана емес, балаларды да қорғау міндеті тұр", - деді Есмағамбетова брифингте.

 
Айтуынша, балаларға вакцина тек ата-анасының рұқсатымен ғана салынады.

Есмағамбетова америкалық Pfizer вакцинасы осы жылдың төртінші тоқсанында жеткізілетінін атап өтті.

Бұған дейін "Pfizer" компаниясымен вакцинаны Қазақстанға жеткізу бойынша алдын ала келісімге қол жеткізілгені хабарланды.




Көрілген: 1382    Пікірлер: 0

сенбі, 17.07.2021, 15:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31