Дарындылықты қалыптастырудағы оқушы шығармашылығын дамыту жолдары

Дарындылықты қалыптастырудағы оқушы шығармашылығын дамыту жолдары

Дарынды балаларды қоғамның ғылыми келешегі ретінде қарап, танып білу үрдісі өте ертеде басталды.Ал ХХ ғасырдың басында дарындылық, оны зерттеу әдістеріне арналған алғашқы ғылыми еңбектер пайда болды.Қазіргі уақытта дүниежүзілік тәрбие балалар дарындылығын зерттеу және қолдау тәжірибесін жеткілікті мөлшерде жинақтаған. Дарынды балалармен жұмыс көбінесе «дарындылық», «дарынды бала» ұғымдарының мазмұнын дұрыс түсінуге байланысты. «Дарындылық» термині «Дарын» сөзінен шыққан.Дамудың ерекше қолайлы,ішкі алғы шарттары дегенді білдіреді. Дарынды балаларды айырықша оқшауландыратын ерекшеліктер – ақыл-ой еңбегіне бейімділік, жоғары зерттеушілік қабілеті мен танымдық мотивация, білімді, жаңа хабарды ұдайы қабылдауға ұмтылыс, яғни танымдық қажеттігі. Бақылау көрсеткендей жоғары танымдық қажеттілік баланың өз талпынысымен болады. Дарынды балалар қиын тапсырманы құштарлықпен оңай орындайды. Дайын жауаптарды ұнатпайды.Оларға тән қасиет өз бетімен іздене отыра шығармашылықпен еңбектену. Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:
        оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.
        Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);
        Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);
        Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);
        Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;
        Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
        Ата- аналармен ынтымақтастық ;
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
1.     Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2.     Сабақты түрлендіріп өткізу;
3.     Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4.     Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5.     Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттілік» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке еркешеліктері дей келе, ол қоғамдық —тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратын процесс деп атап көрсеткен. Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Қабілеттер мәселесін қорытындылай келе, педагогикалық практика үшін мәні ерекше мына жағдайларға айрықша тоқталу жөн. Бірінші — адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. Қабілеттердің бірдей емес екендігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салғанды тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрлымы да, оны құрайтын компоненттер де әр түрлі болады. Мәселен: математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез, дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың бөліктерінің арақатынасын жылдам анықтай білу сияқты белгілер басым болады. Музыкаға қабілетті бала есту, ритмді түсіну, сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді.Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.
1. Репродуктивті — іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.
2. Шығармашылық  — жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
«Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», — деп түсіндіріледі. Ал көрнекті психолог Л.С. Выготский «шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған».
Шығармашылық — өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда.
Қазіргі замандағы ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс — әрекетіне қабілетті, еркін және жан — жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықты шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл адамның бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттер мен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалу тиіс. Олар:
Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
1. Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;
2. Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету;
3. Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу;
Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз — оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін, қиялын, интеллектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс — әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады. Оқушының математика сабағындағы шығармашылық қабілетін дамыту. Мысалы:
Зейінді дамытуға бірнеше шығармашылық тапсырмалар орындауға болады.
1-тапсырма:
1. Цифрларды өсу ретімен тауып, атау.
2. Кему ретін атау.
3. Тақ және жұп сандарды өсу және кему ретімен атау.
4. Цифрларды кезектесіп санау. 1, 3, 5, 7…(жұптасып) 2, 4, 6, 8…
5. Топпен жұмыс істеу. 1–5 тура және кері сана. 6-10 санау.
2-тапсырма: кесте бойынша бірнеше шығармашылық жұмыс т. б.


 

3-тапсырма: Мына фигураға бір кесінді жүргізу арқылы бір тік төртбұрыш, бір үшбұрыш шығарып алуға болады. Ол үшін қай нүктелерді қосу керек?


4-тапсырма
Екі адам 2 сағат шахмат ойнайды. Олардың әрқайсысы неше сағат шахмат ойнайды? Мақсаты: Оқушыларды мәтіннің логикалық түйінін түсіне білуге үйрету.
5-тапсырма:
Сиқырлы үшбұрыштағы бос орынды толтыр. Мақсаты: оқушылардың жылдам есептеу дағдыларын дамыта түсу.

Сонымен қатар дүниетану сабақтарында да шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушыларды іздендіруге болады.
Дүниетану пәні — жоғары сыныптардағы биология, география, физика, химия,тарих пәнінің бастамасы. Ендеше, бұл пәндердің негізі бастауыш сыныпта қаланады да, бастауыш мұғалімдерінің мойнына ауыр жүк артылады. Жалпы оқушылардың шығармашылығын дамытуда «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы мен «Дамыта оқыту» технологиясын тиімділігі зор.Мысалы «Су» тақырыбын өткенде, судың төмендегідей қасиеттерін бағалай отырып, оқушылар мынандай шығармашылық тапсырмалар орындайды.
I топ-эссе жазады
II топ-сурет салады
III топ-өлең шығарады
ЭССЕ «Су-тіршілік көзі»»
Бізге су өте қажет. Су болмаса біз өмір сүре алмаймыз. Біз суды күнделікті өмірде пайдаланамыз. Су түссіз, мөлдір болады. Сусыз жануарлар да тіршілік ете алмайды, өсімдіктер де өспейді.Сондықтан суды үнемдеуіміз керек.
5 жолды өлең:
Су
Мөлдір, түссіз
Ағады, жұғады, жабысады
Ол бізге өте қажет
Сусын.
Шығарма.
— Өсімдікке не қажет? (ертегі құрастыру).
Ана тілі сабағында оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:

Ана тілі сабағында да шығармашылық тапсырмалардың түр-түрін орындауға болады. Мысалы: «Диалог-ертегі» ойыны.
Шарты: мұғалім не оқушы ойдан шығарып, кез келген бір әңгіме-ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме-ертегіні бір-бір сөйлемнен ары қарай жалғастырады. Мысалы, былай бастайды: «Ертеде бір байдың ерке ұлы болыпты…» 1-оқушы: «Сол ұлы көгалда көбелек қуып жүріп, адасып кетіпті…» десе, 2-оқушы: «Қарны ашып, іші шұрқырап келе жатса, алдынан бір ешкі кезігіпті…» — міне осылай ертегі жалғаса береді. Ең соңғы оқушы ертегіні ұшқыр шешіммен аяқтауы тиіс.
Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділердің ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
 
 Қолданылған әдебиеттер:
 
1.     ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.
2.    Н.Назарбаев “Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек”.//”Егемен Қазақстан”. 31 мамыр. 2000 ж.
3.     Бабаева Ю.Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. М. 1997г.
4.     Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки у
5.   Қазақстан мектебі «Дарынды бала ұғымы»   №12, 2009жыл
6.   Қазақстан мектебі «Дарынды оқушымен жұмыс» №2, 2011 жыл

 

Темірғалиева Фарида Тұрсынғалиқызы

Ж.БОЛҒАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ САМАР ОРТА МЕКТЕБІНІҢ 
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ.
ШҚО. КӨКПЕКТІ АУДАНЫ. САМАР АУЫЛЫ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста