Қасиетті Қағба – құрбандық бесігі

12 қазан 2013, 13:07

Жер бетіндегі ең алғашқы мешіт, Алланың бірлігін паш ететін ғибадат орны – Қағбаны о баста Адам пайғамбар салған екен. Қажылыққа барғандар осы күні осы Қағбаны айналып, құлшылықтың ең үлкенін жасап, тілек-дұға қайыруда.
Нұх пайғамбар заманында Қағба да топан су астында қалыпты. Кейін су қайтып, арада жылдар өткенде Ибраһим Халиол­ла­ның ұлын құрбанға шалатын жері де осы Қағбаның орны болатын. Одан кейін Ибраһим пайғамбар Қағбаны екінші рет қайта тұрғызыпты. Алайда келе-келе оның маңын пұтқа табынушылар мекендеп, Қағбаны пұтханаға айналдырып жібереді. Тек Мұхаммед пайғамбар заманында ғана сол пұттарды қирату мүмкін болып, адасқандарға тойтарыс беріледі.
Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) Қағбаның құлаған қабырғасын қайта көтереді.
Одан беріде Абдолла ибн әз-Зубейр кері әрекет қылған Язид ибн Муавиенің шабуылынан құлаған Қағбаның бір бөлігін Пайғамбар хадисінде бейнеленген нұсқаға қарап қайта көтереді. Алайда Абдолла ибн әз-Зубейр дүниеден озған соң, Әбділмәлік ибн Марван алдыңғы құрылысқа шәк келтіріп, барынша бастапқы қалпын сақтап қайта тұрғызады. Кейін Харун Рашид Қағ­ба­ның Әбділмәлік ибн Марван кезіндегі нұсқа­сына күдік келтіріп, әз-Зубейр зама­нындағы үлгіге жақындатып қайта тұрғызбақ болады. Алайда оны Мәлік ибн Анас тоқтатыпты.
Қағбаның маңында Ибраһим пай­ғам­бар аяғының ізі қалған тұс әлі сақта­лып тұр. Қағба бүкіл құрлық­тар­дың тура орталық нүктесі екендігін қазіргі ғылым тек 1977 жылы ғана анықтады. Қағ­баның биіктігі – 15 метр, табаны – 10х12 метр.