Ғибадат

Құрбандық хикметтері

Қоғамда әл-әуқаты жоғары байлар және орта жағдайдағы адамдармен қатар қаншама сiңiрi шыққан кедейлер бар. Көбiне мұндай адамдар ала­қанын жаюға арланып, ешкiмнен көмек сұрай қоймайды. Құрбан айт мейрамы осындай жоқ-жiтiктер үшiн Алланың жаса­ған шарапаты болып табылады. Құрбан айттағы илаһи жарылқаумен жоқ-жiтiктер­дiң көңiлдерi райланып, қоғамның байлы­ғын бiрге бөлiседi. Бұл әлеуметте әдiлет­тiлiк сақталып, адамдардың бiр-бiрiне деген құрметi мен сүйiспеншiлiгiн арт­тырады.  Бұл ретте құрбан шалудың бірнеше хикметтерін білген абзал. Сонымен:

Бірінші хикмет

Құрбан шалу – Ибраһим пайғамбардан бері үзілмей келе жатқан сүннет. Ибраһим Ха­лиолла Алланың жарлығымен ұлы Ис­маил­ды құрбандыққа шалғалы жатқанда Жаратқан оның шын ниетіне орай баласын құтқарып, орнына қошқар түсіреді. Есесіне, Исмаил аман қалып, Алланың бірлігін паш етеді.

Екінші хикмет

Құрбан шалу адам баласын Алланың алдында да, адамның алдында да бетін жарық етіп, ақыреттегі жазасын жеңіл­де­теді. Адам­нан алғыс алған Алланың сауабына кенеледі. Ал ба­қи­ға аттанғанда, тіріде шалған құрбандығы қыл көпірден жеңіл өтуге жәрдемдеседі.

Үшінші хикмет

Құр­бандық арқылы Алла пендесі беріл­ген игіліккке шүкірлік қылып, күнә­ларына кешірім тілейді.

Төртінші хикмет

Мұсылман баласы құрбандық шалу арқылы нәпсісін тежеп, Алланың риза­шы­лығына бөленеді. Жиған малынан бір кертіп Жаратқан жолына жұмсау арқылы адам­дар өзінің дүние ісіне деген құмар­лығын ауыздықтайды. Құрбандық шалу арқылы ол адам өзінің жамандығын тыйып, ішкі-сыртқы қалыбын жақсылықпен көм­кереді. Өзі жақсы өзгеге де жақсылық жасауға әзір жүреді.

Бесінші хикмет

Құрбандық шалу арқылы адамдар бір-біріне көмек қолын созады. Осы арқылы олар бұл дүниенің де, ақыреттің де қызығына бөленеді. Құрбандығының кәдеге асқанын көрген адамға сауап та тез бұйырады.

Хикметтен хадис:

«Құрбандыққа малдың ең жақсысын, көзге жұғымдысын таңдаңдар. Өйткені бұл – сират көпірінен өтердегі өз көліктерің».

Құрбан айт мерекесі күні Ұлы Жарату­шының ризашылығы үшiн ша­лынған құрбанның қаны адам­дардың жүрегiндегi кiр-қоқыс пен көңiлiндегi пен­делiктiң сыңғырын жуып-шайып, оның орнына сүйiс­пеншiлiктiң гүлi бүр жара­ды. Бұл күні ниеті түзу мұсылман қауымының жүрегiнде достық, бауыр­машылдық, сүйiспеншiлiк, өз­ара құрмет, шер бөлiсу, бiр-бiрiне қол ұшын беру секiлдi сезiмдер атқақтап тұ­рады. Бұл күнi жеккөрушiлiк сезiмі су­алып, өшпен­дiлiктiң тасы ерiп сала бередi.




Көрілген: 2491    Пікірлер: 0

сенбі, 12.10.2013, 13:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30