Дат, тақсыр!

Қазақ жастарын соғысқа шақырып жүргендер неге жазаланбайды?

  • Қазақ жастарын соғысқа шақырып жүргендер неге жазаланбайды?

    Қазақ жастарын соғысқа шақырып жүргендер неге жазаланбайды?

Қазақстаннның тәуелсiз егемендi мемлекет ретiнде дамуының басты шарты – Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету. Еліміздің Ұлттық қауiпсiздiгі «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы» ҚР Заңымен қорғалған. Аталмыш заңда «мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың және азаматтардың ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейдi, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң мақсатын, жүйесi мен бағыттарын белгiлейдi» деп жазылған.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы» заңының 5-бабының 2) –тармағына сәйкес, «конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған iс-әрекет, оның iшiнде Қазақстан Республикасының бiрегей құрылысына, тұтастығына, қол сұғылмаушылығына, аумағының бөлiнбестiгiне қиянат келтiретiн iс-әрекет Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне төнетiн қауiп-қатер болып табылады.

Осы заң негізінде «Алаш айнасы» интернет-газеті бүгін, яғни шілденің 22-і күні қоғам қайраткері, белгілі блогер Мұрат Әбеновтың әлеуметтік желілердің бірінде қазақ елін Ресейдің құрамына енгізіп, қарауына бергісі келіп жүрген антиқазақ - Ермек Тайшыбеков жазбасын жариялап, жеке пікір білдіргенін мәлімдейді.

Онда Мұрат Абдуламитұлы былай дейді:

«Арнайы қызмет органдарының барлығы Гитлердің фотосы үшін "Аңыз адамды" қуғындаумен әлек боп жүргенде сепаратистер жағында соғысуға шақырып жүрген Тайчибековпен айналысатын ешкім табылар емес», дей келе Тайшыбеков атынан жазылған мына хабарламаны іліп қойған.

«Запись в регулярную армию. Вот контакт 89205097413. Встретят на территории РФ. Накормят. Грамтно заведут в Новороссию. Обучение. Питания. Проживание. Обмундирование. Хорошая заработная плата. Премиальные.

Этнически чистокроный казах из Казахстана имеет особую привилегию, сможет сам пожать руку Игорю Ивановичу и удостоиться высокой чести полчаса лично-очно глаза в глаза пообщаться со Стрелковым.

Контакт через меня...»

Бұл жазбаның түпнұсқасын мына жерден оқи аласыздар... Cілтемені басыңыз.

Мәселенің анық-қанығына жету мақсатында хабарламада көрсетілген әлгі шетелдік нөмірге бірнеше мәрте телефон шалғанымызда тұтқаны ешкім көтерген жоқ. Тайшыбековтың қазақстандық нөміріне де хабарласуға мүмкіндік болмады.. . Бұл хабарламаға Тайшыбековтың қатысы бар жоғы біз үшін беймәлім күйде қалып отыр. Алайда мұндай мағынадағы хабарламада сепаратистік пиғылдың бары анық. Құрығы ұзын құзырлы органдар үшін әлгі хабарламаның қай жерде және кімнің жарияланғанын, 89205097413 телефон нөмірі кімге тиесілі екенін анықтау аса қиындық туғыза қоймас. Сол себепті құқық қорғаушылардың бұл хабарламаға қатысты бейқам отыруы қоғамда түсініспеушілік тудыруда. Мұндай мағынадағы жазбалар әлеуметтік желілерде еркін жариялана беретін болса, біздің елдігіміз қайда, заңдық тұтастығымыз қайсы?

Осы орайда, «Әлеуметтік желілерде осындай жазбалар үшін жауапкершілікке тартатын заңымыз қайда?» деген заңды сауал туады.

Еске саламыз, биыл жыл басында Ресей мен Украина арасында орын алған жағдайдан кейін Ұлттық қауiпсiздiк туралы заңды белшесінен басып, Қазақстанның Ресейге қосылуын әлеуметтік желілер арқылы ашықтан-ашық насихаттаушылар пайда болған болатын.

Сондай адамның бірі - Ермек Тайчибеков болатын. Ол өзінің фейсбуктегі жеке парақшасында Жамбыл облысында тұратын, Қазақстанның Ресейге қосылғанын қалаймын дейтін азаматтарды тауып, бейнетаспаға түсіріп, оны әлеуметтік желіде- youtube.com сайты арқылы жариялаған. Сол арқылы «бүкіл жамбылдықтар Қазақстанның Ресейге қосылуын қалайды» деп көрсеткісі келген болса керек. Бейнежазбада «Ресейге қосылу арманым», «Қазақстан Ресейдің губерниясы болғанын қалаймын» деген сөздерді азаматтардың ауызына салып бергені байқалады. Тіпті, қасына екі баласын ерте шыққан бір азамат ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қарата «қарапайым адамдарға егемендіктің қажеті қанша, шекараны алып таста» деп айтқан болатын.

Құрметті Асхат Қайзоллаұлы! осы мәселе бойынша нақты шешімдер қабылдауыңызды сұраймыз!




Көрілген: 4519    Пікірлер: 123

сейсенбі, 22.07.2014, 15:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31