Дат, тақсыр!

Ресейдің қауіпсіздігіне байланысты Сайқын мен Жәнібек станцияларына жолаушылар пойызы аялдауын ұйымдастыру мүмкін емес

  • Ресейдің қауіпсіздігіне байланысты Сайқын мен Жәнібек станцияларына жолаушылар пойызы аялдауын ұйымдастыру мүмкін емес

    Ресейдің қауіпсіздігіне байланысты Сайқын мен Жәнібек станцияларына жолаушылар пойызы аялдауын ұйымдастыру мүмкін емес

Құрметті оқырман, үстіміздегі жылдың 17-маусымында «Алаш айнасы» сайты «Бөкей ордасы мен Жәнібекке пойыз неге тоқтамайды?» деген тақырыппен «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ-ның президенті Асқар Мамин мырзаға ашық хат жолдаған болатын. Бүгін «Қазақстан темір жолы» АК-ның лауазымды қызметкерінен осы сауалға байланысты жауапхат алған едік. Осы хаттың толық нұсқасын Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

«Алаш айнасы» газетіне!

Құрметті редакция! «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Алаш айнасы» газетінің 17 маусымдағы санында жарияланған «Бөкей ордасы мен Жәнібекке пойыз неге тоқтамайды?» атты мақаласына жауап бергенді жөн санаған болатын. Аталмыш мақалада нақтыланған Сайқын және Жәнібек станцияларында жолаушылар пойыздарының аялдауын ұйымдастыру жөніндегі өтінішті қарастырып, мынаны хабарлайды:

Сайқын және Жәнібек станцияларынан жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мақсатында бірнеше кездесулер мен келісімдер жүргізілді, нәтижесінде «Российские железные дороги» акционерлік қоғамы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының құзырлы бақылаушы органдары келісімге келген жағдайда пойыздардың Сайқын және Жәнібек станцияларына аялдауын ұйымдастыруға дайын екендігін хабарлады.

2013 жылғы 25 қарашада Челябинск ауданы Троицк қаласында Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы бақылау қызметінің өкілдері арасында және де екі елдің темір жол саласы мамандарының қатысуымен кездесу өткен болатын. Осы соңғы кездесуге Ресей Федерациялық қауіпсіздік қызметі халықаралық қатынас жолының шекара қызметі басқармасының бастығы В.В Мочалов қатысты.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті атына хат жіберіліп, онда өткізу пункттерінің жайластырылмағандығына байланысты, сондай-ақ жолаушылар айналымы аз участкіде пойыздарға Ресей Федерациялық қауіпсіздік қызметі жеке құрамы еріп жүруі олардың жұмысынан айтарлықтай қол үзуін талап ететінін ескеріп, Сайқын және Жәнібек станцияларына пойыздардың аялдауын ұйымдастыру тиімсіз екенін хабарлады. Бұдан бөлек Сайқын, Жәнібек станцияларынан жолаушылар пойыздары аялдайтын Эльтон және Кайсацкая станцияларына дейін Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы шекарадан автокөліктерді өткізу пункті арқылы жолаушылардың автобуспен тасымалдауын ұйымдастыру ұсынылды, бұл жағдайда шекарадан автобустарды өткізуге басымдық берілетіні туралы да әңгіме болды.

Осыған байланысты қазіргі таңда Сайқын және Жәнібек станцияларына жолаушылар пойыздарының аялдауын ұйымдастыру мүмкін болмай отыр.


«ҚТЖ» АҚ Өндіріс жөніндегі

Вице-президенті А. Қанғалиев




Көрілген: 1887    Пікірлер: 2

дүйсенбі, 14.07.2014, 14:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30