Ислам діні

30 КҮНДЕ НЕ ІСТЕЙСІҢ, АҒАЙЫН?

  • 30 КҮНДЕ НЕ ІСТЕЙСІҢ, АҒАЙЫН?

    30 КҮНДЕ НЕ ІСТЕЙСІҢ, АҒАЙЫН?

Еліміздегі 16 наурыздан 15 сәуірге дейінгі бір ай бойы төтенше жағдай енгізілді. Мектепте оқу процесі тоқтады. Студенттер мен магистрлер қашықтықтан оқытылып жатыр. Оның үстіне екі ірі қаламыз карантинге жабылады. Бұлардың бәрі азаматтардың бос уақытын арттырды. Ендігі сұрақ осы бос уақытты қалай пайдалансақ абзал болады? Әркімнің бір жоспары болар, бірақ менің ортаға салар ұсынысым бар. Оны айтардан ілгері, мынадай статистикалық мәліметтерге назарларыңызды аударғым келеді. Адамзат 2020 жылға аяқ басқалы 2,5 ай көлемінде түрлі табиғат апаттары мен тосын жұқпалы дерт кең етек алды. Соның ішінде жер сілкінісін қарастырып едім, төмендегідей мәліметтерге ие болдым:

Айналасы 8 күннің ішінде 6 рет жер сілкінісі болды. Бұл аздай ақпан айының 21 күні, бір күн ішінде әлемнің бес жерінде 5 баллдан жоғары жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісі үнемі болып тұратын құбылыс екенін бәріміз білеміз. Алайда, соңғы жылдары жиілеп, қуаты да артып келе жатыр. АҚШ ғалымдарының 2011 жылғы "Prison Planet.com" сайтында жариялаған зерттеу мақаласында 2000 жылдан бері жер сілкінісінің барған сайын үдеп бара жатқандығы жазған.

Аталмыш мақалада, өзгеде табиғат апаттарының соңғы жылдары асқынып бара жатқаны да тілге тиек етілген. Мақала 2011 жылы жазылғанымен, көтерген мәселесінің маңызды әрі шынайы екендігі биыл да дәлелденді. Мысалы, Австралияда 4 айға жалғасқан өрт апаты табиғатқа, қоғамға аса үлкен зардап әкелді. Филиппинде жанартау атылуынан 10 мың адам өзге жерге көшірілді. Африкада ғаламат шегіртке апаты басталды. Шегірткелердің тұрқы ірі әрі саны аса мол. Ғылыми межемен айтқанда 360 млрд. шегіртке жүрген жолын жайпап кетіп барады. Биыл қыс қаһарлы болды. Қарлы боран Канаданың Сайн Жон деген қаласын көміп тастады. Испанияда қарлы бораннан 9 адам мерт болып, 4 адам жоғалып кетті. Еліміздің орталық және солтүстік, шығыс аймақтары қардың "әлегімен" жылда бетпе-бет келеді. Мұндай апаттарды тізе берсек көп-ақ.

Биыл бұлардан тыс, шыққан тегі белгісіз әрі экономикалық, саяси және әлеуметтік дағдарысқа алып келген COVID-19 вирусы әлемді алқымдап барады. Табиғат апаттары мен жер бетінде болып жатқан түрлі қантөгіс, дағдарыс, шиленіс, жұқпалы індеттердің үздіксіз жалғасуын ақырзаманның белгілері деп бағалап отырған адамдар батыстан да, шығыстан да бой көрсетіп, өз пікірлерін жазып жатыр. Кейбіреулері өз идеясын Інжілден алыпты. Дәлірек айтқанда, Матай жазбасының 24-бөліміндегі Иса пайғамбардың: "Ұлт ұлтқа, мемлекет мемлекетке қарсы аттанады. Түрлі жерлдерде ашаршылық пен жер сілкіністері болады. Бұлардың барлығы толғақ азабы секілді ауыр кезеңнің бастамасы"-деген сөзін уәж еткен.

Біз мұсылман адам ретінде заманақырдың болатынына бұрыннан нанамыз. Қасиетті Құранда ақырзаманның болатыны айтылған және негізгі сенімдердің бірі ретінде қалыптасқан. Мысалы, "Зилзәл/зілзала" сүресі: "Жер алапат тербеліспен сілкінген кезде" -деп басталып, ақыр заманда және ақырет күні орын алатын жағдайларды суреттейді. Хаж сүресінің 2- аятында: "Сол күні бала емізетін әр ананың (қатты қорыққанынан) баласын ұмытқанын, әрбір жүкті әйелдің (және буаз жануардың) іш тастағанын көресің. Сондай-ақ адамдардың бәрін ес-түсінен айырылып, теңселген мас күйде көресің. Асылында олар мас емес, алайда Алланың азабы тым қатты"-деп зылзаладан соңғы көріністерді бейнелейді. Бұл аяттағы "әрбір жүкті әйелдің (және буаз жануардың) іш тастағанын көресің"-деген сөздері Иса пайғамбардың айтқан: "толғақ азабы секілді ауыр кезеңнің бастамасы"-деген сөзімен үндесіп жатыр. Дәстүрлі діндердің бәрінде ақырзаманның болатыны баяндалған. Бірақ, оның қашан боларын бір Алладан басқа ешкімнің білмейтіні анық.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) қияметтің үлкен және кіші белгілерін және өзінің ақырзаман пайғамбары екенін сондай-ақ ақырзаманның тым таяу екенін айтқан. Сол секілді Інжілде де, ақырзаманның негізгі белгілерінің 96 пайызының орындалғанын енді тек, 4 пайызының ғана қалғанын айтады. Қасиетті кітаптардың бәрінде ақырзаман белгілерінің ішінде зілзала секілді табиғат апаттары мен соғыс және кісі өлтіру, мейірімісіздік секілді жағдайлардың орын алатыны айтылған.

Жоғары да коронавирусын да ақырзаманның бір белгісі ретінде айтып отырған адамдар бар. Шын мәнінде вирустың өзі де бір сынақ екенін ескергенде, оның да ақырзаманның бір белгісі емес деп айта алмаймыз. Адамзаттың тарихи дамуында Алланың қаһарымен жермен жексен етілген қалалар мен елдерді білеміз. Әр заманның өз сипатын жаратқан Құдай тағала ғылым мен техника дамыған 21 ғасырда вирус атты көзге мүлде көрінбейтін бір кішкентай құдіретімен күллі адам баласын тығырыққа тіреп, Құдай тәубасын еске салып отырған секілді.

Біз, "бір ай бойы не істегеніміз абзал?",- деген сұрағымызға енді жақындадық. Инсан сүресі 2-аятында: "Шүбәсіз, Біз адам баласын (ер мен әйелден бөлінген, сан алуан элементтерден құралған) құрама тамшыдан жараттық. Сөйтіп оны сынау үшін еститін һәм көретін саналы тіршілік иесі қылдық" -демей ме?. Біз саналы тіршілік иесі болғандықтан, осы күндері терең ойға беріліп, дүниенің жаратылысы, адамзаттың өмірге келуінің мақсаты мен міндеті туралы, Шәкәрім әулие ортаға қойған: "Қайдан келдік, неге келдік, қайда барамыз?",-деген сұрақтар айналасында ой қозғағанымыз жөн секілді. Осылайша, 30 күнді дағдарыс емес, жаңаша, рухани дамудың бет-бұрысы ретінде тану пайдалы әрі абзал болары анық. Осы күндерді нығмет көріп, мұсылмандық білімімізді, рухани кемелденуімізді байытып, заманауи білімімізді де дамытқанымыз дұрыс. Абайша айтқанда: "Дүниеге де, ақыретке де пайдалы іспен айналысайық". 30 күнді (ары қарай қанша боларын бір Құдай білер) бос сөз бен теледидар алында отырып өткізуге де болады. Бірақ, бізді күнделікті сауықшыл, сайран өмірімізден айырып, үйге "қамап" қойған вирусты ақырзаманның ескертушісі ретінде қарасақ артық болмас. Инсан сүресінің 28 аятында: "Оларды Біз жараттық, сондай-ақ оларға буындарын мықты бекітіп, мығым дене-бітім бердік. Қалаған уақытымызда олардың дене-бітімін де, өзге қасиеттерін де өзгертіп жіберуге қауқарымыз жетеді",-дейді Жаратқан иеміз. Осы көзге көрінбес вируспен біздің дене-бітіміз бен өзге қасиеттерімізді, тағдырымызды өзгертіп жібермесіне кім кепіл?

Уақытты қалай өткізу әркімнің өз еркінді. Біздікі, білген дүниені ортаға салу, бөлісу ғана. Сөзімнің соңын Қасиетті Құранның Әнбия сүресінің 1-2 аятымен ақырластыруды жөн көрдім. Онда былай делінген: "Адамдардың есеп беретін күні таяды. Алайда олар сонда да ақиқаттан сырт айналған күйі ғапылдықта жүр. Оларға қай кезде болмасын, Раббыларынан жаңа тағлым, нұсқау яки ескерту келсе, оны мазаққа айналдырып, күле қарайды".

Қастер САРҚЫТҚАН

Абай атындағы ҚазҰПУ ұстазы

mazhab.kz




Көрілген: 534    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.03.2020, 22:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Наурыз, 10:36
    АЖАЛ
    18 Наурыз, 09:59
    Аса қауіпті түн!
    13 Наурыз, 16:51
    ҮШ ТҮРЛІ ЖҮРЕК
    25 Ақпан, 09:26
    ОҢ ЖАҚТЫ ЖАҚСЫ КӨРУ
    20 Ақпан, 11:40
    НӘПСІНІҢ ДАУАСЫ
    23 Қаңтар, 10:54
    НЕГЕ БІЗДЕ БЕРЕКЕ ЖОҚ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31